Әйелін құтқармақ болған: Шығыс Қазақстанда ерлі-зайыпты суға кетті
Трагедия 27 шілдеде Самар ауылы маңында Бұқтырма су қоймасының жағалауында болды.
Куәгерлердің айтуынша, 1978 жылғы әйел жағадан алыс кетіп, бата бастаған. Мұны көрген 1966 жылғы күйеуі көмекке жүгіреді. Алайда ер адам әйелімен бірге суға батып кетті.
Облыстың төтенше жағдайлар департаменті су қоймаларында қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды:
шомылу үшін қауіпсіз орынды таңдаңыз;
арнайы жабдықталмаған беймәлім жерлерде ешқашан суға түспеңіз;
жағадан алыс кетпеңіз;
үрлемелі қайыққа отырғанда абай болыңыз, жел немесе өзен ағысы оны жағадан алысқа әкетіп, толқынның астында қалуы мүмкін.
қатты жел болған күні қайыққа мінбеңіз.
Құтқарушылар төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласу керек екенін еске салды.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.