Қазақстанда аяқ-киімді цифрлық таңбалау 1 қарашадан бастап міндеттеледі

Поделиться:
Қазақстанда аяқ-киімді цифрлық таңбалау 1 қарашадан бастап міндеттеледі, деп хабарлайды zakon.kz.

Шешім осы сала өкілдері кеңесінде қабылданды. 2021 жылдың 1 қарашасынан бастап таңбаланбаған аяқ-киімдерді өндіруге және елімізге әкелуге тыйым салынады.

Бөлшек саудадағы бизнес өкілдеріне қосымша бір жыл беріледі, яғни 2022 жылдың 1 қарашасына дейін таңбаланбаған тауарларды сатуға мүмкіндік болады.

Бизнесте инновацияға дайындалуы үшін бес ай уақыты бар, ал таңбаланбаған тауарларды сату үшін бір жылдан астам уақыт беріледі. Кәсіпкерлерге цифрлық таңбалау бойынша сенім телефоны тәулік бойына жұмыс істейді. Цифрлық экономиканы дамыту орталығы үнемі мамандандырылған веб-семинарлар өткізеді және сала өкілдеріне жеке консультациялар ұсынады. Аяқ-киімді таңбалау туралы пайдалы ақпарат мамандандырылған markirovka.kz порталында орналастырылған. Сондықтан әр өндіруші мен импортшы нарықта жұмыс істеудің жаңа ережелеріне мұқият дайындалуға мүмкіндігі мен уақыты бар, - деді Цифрлық экономиканы дамыту орталығының бас директоры Бикеш Құрманғалиева.

Кеден қоймалары да міндетті цифрлық таңбалауды енгізуге дайындалуда.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также