Оралда автобустан түскен бір топ адамды полиция ұстап әкетті(ВИДЕО)

Поделиться:
Орал қаласында автобустың ішінде басталған жанжалдың арты төбелеске ұласты. Полицияның өзі бұзақыларды бірден тоқтата алмады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ресми мәліметке сәйкес, кеше 27 маусым күні 23 және 38 жастағы екі ер адам автобустың ішінде сөзге келіп қалды. Одан кейін аялдамада түсіп, төбелесіп қалған. Әлеуметтік желіде осы оқиғаның видеосы тарап кетті. Полицияның үш адамды ұстап жатқанын анық байқауға болады. Ал бұзақылар қарсылық көрсеткен.

"Ер адамдар бір-бірін танымайды. Автобустың ішінде жанжал шыққан. Арты төбелеске ұласып кетті. Абай аудандық полиция бөліміне бес адам жеткізілді. Екеуі мас болған. Оларды уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына орналастырды", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде төбелес шығарғандарды ұсақ бұзақылық бойынша жауапқа тарту мәселесі қаралып жатыр.


Осы бапқа сәйкес, 5 АЕК мөлшерiнде айыппұл салу немесе 10 тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алу жазасы қарастырылған.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также