Қаржыны саналы жұмсау: бақытты болу үшін қанша ақша қажет?
Бүгін сіздерге шығындарыңызға қатысты саналы қаржылық мінез-құлықтың негізгі қағидаттары жөнінде айтып береміз.
Жеті пайдалы қаржылық әдеттер:
Сіздің қаржылық әдеттеріңіз сіздің қажеттіліктеріңізден бастау алуы тиіс, ал саналы түрде тұтыну қағидалары әдеттегі өмір сүру салтыңызға енуі керек.
Жоспарланбаған шығындарға «жоқ» деуді үйреніңіз. Мысалы, дүкенге барар алдында тізім жазып қойыңыз, өзіңіз үщңн маңызды сауда туралы ойлануға өзіңізге 1-ден бастап бірнеше күнге дейін уақыт беріңіз. Түнгі ойлар таңертеңгісін пысықталады, ертең сіз бұл тауар немесе қызметті сатып алу немесе алмау жайлы ойыңызды өзгертуіңіз әбден мүмкін.
Күнделікті жеке бюджетіңізді жүргізіңіз. Өз кірістеріңіз бен шығындарыңызды есепке алу сізге үнемдеуге және ақша жинауға көмектеседі. «Шығындар» бағанындағы қажет емес шығындарды қысқартуға тырысып, оларға ерекше назар аударыңыз. Бірақ өзіңізге және денсаулығыңызға үнемдемеңіз. Теңгерімді сақтай біліңіз және өзіңізді тежеп те үйреніңіз.
Қаражатты жинақтау мақсатын қалыптастырыңыз. Сізге жинақ не үшін қажетін неғұрлым анық білсеңіз, соғұрлым нақты соманы да жинау оңай болады. Мысалы: демалыс, балаларды оқыту, жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті сатып алу және т.б.
Пассивті табыс көзі жайлы ойланып көріңіз. Мол табысқа кенелу үшін еңбекақыны арттыру немесе қызмет бабы бойынша өсуден басқа да тәсілдер бар. Мысалы, сіз шетел тілін жақсы меңгерген болсаңыз, қосымша репетитор болуға немесе аударма ісімен айналысуға болады.
Қарыздардан құтылыңыз. Олар адамдардың барлығында дерлік бар – бұл кредиттік немесе салықтық берешектер, алименттер, пәтер ақысы бойынша борыштар және т.б. Егер сізде берешек болса, онда сізге оны өз уақытында өтеу қажет. Асқан қажеттіліксіз кредиттерге, әсіресе қажеттілігі «нөлдік» дәрежемен өлшенетін бір сәттік тауарлар мен қызметтерге тіптен жоламаған дұрыс. Кредиттерге салмақты қарау – саналы тұтынудың маңызды қағидаларының бірі.
Қауіпсіздік жастықшасын жасаңыз. Американдық жазушы Наполеон Хилл «Думай и богатей» кітабында айтқандай, ең алдымен ақшаны кейінге қалдыру керек, яғни өзіңізге төлеу керек. Ақшаны өзіңіздің «сақтандыру» қорыңызға жинаңыз. Бұл сізге күтпеген жағдайлар немесе негізгі кірісті жоғалту жағдайында көмектеседі.
Болашаққа инвестиция жасаңыз. Бастапқыда аз соманы да инвестициялай аласыз. Қанша? Бастапқыда ол оңайлықпен бөлінетін, сіздің бюджетіңізге зиян тигізбейтін сома болуы тиіс. Инвестициялаудың негізгі заңы: кіріс тәуекелмен қатар жүреді, кіріс өссе, тәуекел де артады. Бұл жерде біз қаржы құралдарына инвестициялар туралы айтып отырмыз. Бірақ өзіңіздің дамуыңызға, біліміңізге салынатын инвестициялар туралы да ұмытпаңыз. Қаржылық сауаттылық туралы кітаптар мен материалдарды көбірек оқыңыз.
Дереккөз: fingramota.kz
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.