Түркістан облысында видео үшін адамды көлікпен арқандап сүйреген
"Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Instagram қолданушыларының бірі парақшасына заңсыз әрекетінің видеосын жариялағанын анықтады. Белгісіз біреулер "ВАЗ-2114" автокөлігіне адамды арқандап, оны жолда сүйреген", - деді Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.
Полиция оқиға Түркістан көшелерінің бірінде болғанын анықтап, тәртіп бұзушыларды ұстаған.
"Жүргізуші Түркістан тұрғыны болып шықты, ал оның жанындағы таныстары Тараз қаласынан. Ер адамға қатысты ӘҚБтК-нің екі бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды: 593-бабы 1- бөлігі "Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, жол жүру ережелерінде көзделген қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау" және 606-бабы 1-бөлігі "Жол жүрісіне қатысушының жол жүрісі қағидаларын апат жағдайын туғызуға әкеп соққан бұзуы", - деді полиция өкілі.
Полиция мәліметі бойынша, кінәлілер жасаған әрекетіне өкініп, кешірім сұраған.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.