Түркістан қаласының жаңа әкімі тағайындалды

Поделиться:
Түркістан облысы Ордабасы ауданының бұрынғы әкімі Нұрбол Тұрашбеков Түркістан қаласының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұрбол Әбдісаттарұлы Тұрашбеков 1980 жылы Төлеби ауданында дүниеге келген. Мамандығы инженер-экономист. Еңбек жолын 2001 жылы Ордабасы ауданында жер кадастр бюросынан бастаған.

2002 жылы Ордабасы аудандық жер-кадастрлық бюросының меңгерушісі, 2009 жылы Сайрам жер-кадастрлық бюросының директоры, 2010 жылы "Оңтүстік Қазақстан жерге орналастыру ғылыми-өңдірістік орталығы" еншілес мемлекеттік кәсіпорнының директоры, 2012 жылы (Астана қаласы) "Жерге орналастыру ғылыми-өңдірістік орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған.

2016 жылдың сәуір айынан бастап "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының "Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы" дирекциясы директорының орынбасары, "Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру" дирекциясы Мемлекеттік жер кадастры басқармасының басшысы лауазымын атқарған.

Нұрбол Тұрашбеков 2017 жылдан бері Түлкібас ауданының әкімі лауазымын атқарып келді.

2020 жылы Ордабасы ауданы әкімі болып тағайындалды.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также