Бюджеттен әлеуметтік қамсыздандыруға 3,8 трлн теңге бөлінеді – министр

Поделиться:
2021 жылы әлеуметтік қамсыздандыруға арналған бюджет шығындары 3,8 трлн теңгеге дейін өсіп, республикалық бюджет шығыстарының 27%-дан астамын құрады.Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2020 жылы мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері толық көлемде орындалды. Зейнетақылар, жәрдемақылар уақытында төленді. Өткен жылы республикалық бюджеттен берілетін әлеуметтік төлемдер 3,4 трлн теңгені құрады, бұл республикалық бюджет шығыстарының 24%-дан астамын құрайды. Әлеуметтік қатерлер туындаған кезде жұмыс істейтін азаматтарды қолдау үшін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінен 250 млрд теңге төлем жүргізілді. Биыл әлеуметтік қамсыздандыруға арналған бюджет шығындары 3,8 трлн теңгеге дейін өсіп, республикалық бюджет шығыстарының 27%-дан астамын құрады», – деп хабарлады Серік Шәпкенов.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2020 жылы азаматтарды қолдау үшін зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік жәрдемақылар мөлшері екі есеге артты.

«Ынтымақты зейнетақының өсімі 12%-ды, ал базалық зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақылар 10% өсті. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы мен жәрдемақы қайтадан индекстелді. Нәтижесінде ынтымақты зейнетақы 7%-ға, базалық зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақы 5%-ға өсті», – деді министр.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также