Елордада қала маңына қатынайтын автобустар тоқтатылды
Бұл туралы қала тұрғындары әлеуметтік желілерде жазды.
Қалалық автобустарды біреу көрді ме?. «Автобустар қайда, біз аялдамада бір сағатқа жуық тұрамыз», «бұрын ауа райында қалай жүрдік? Қазір не болып жатыр? Жұмысқа қалай жетуге болады?, - деп Instagram қолданушылары шағымданып жазба қалдырған.
Astro Bus қосымшасы да істен шыққан.
Сонымен қатар, көлік компаниясы ауа райының қолайсыздығына байланысты қала маңындағы барлық бағдарлардың қозғалысы уақытша тоқтатылғанын айтады.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты (көктайғақ) барлық қала маңына қатынайтын бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылды, - делінген хабарламада.
Компанияның мәліметінше, қалалық автобустардың қозғалысы тоқтаған жоқ, бірақ көктайғақтың салдарынан көліктің маршруттарға шығуында қиындықтар болуы мүмкін.
Елордалық ТЖД мәліметінше, 27 наурызда көктайғақ, боран және тұман болады.
Ал жексенбі, 28 наурызда жоспарланған дезинфекцияға байланысты қалалық және қала маңындағы маршруттар жолға шықпайды.
Барлық құқықтар қорғалған. baq.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз: https://baq.kz/news/othernews/elordada-koktaygak-saldarynan-kogamdyk-kolik-kozgalysy-toktatyldy/
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.