Жамбыл облысында шопан мал иесінің 61 жылқысы мен 169 қойын сатып жіберген

Поделиться:
Жамбыл облысында шопан 61 жылқы мен 169 қой сатты деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

15 наурыз күні Байзақ ауданының полиция бөліміне Тараз қаласының тұрғыны фазендадан ірі қара және ұсақ малының жоғалғаны туралы арызданған. Оның малын 2020 жылдың қараша айынан бастап жалдамалы шопан Байзақ ауданындағы жайылымда бағып жүрген.

«12 наурызда мал иесі фазендаға келіп, 61 жылқы мен 169 қойдың жоқ екенін көреді. Жәбірленушіге келтірілген залал 36 миллион 680 мың теңгені құраған», - делінген облыстық ПД хабарламасында.

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл бап бойынша мүлкi тәркiленiп, жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазасы қарастырылған.

Полиция қызметкерлері 40 жастағы шопанды ұстады, ол өз кінәсін толық мойындады және уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также