Петропавлда тепловоз жеңіл автокөлікті соғып өтті, - деп хабарлайды Петропавловск.news.
Оқиға Бензострой ауданындағы теміржол өткелінде болған. Полиция хабарына қарағанда, ВАЗ 2110 автокөлігінің 41 жастағы жүргізушісі STOP жол белгісін ескермей, теміржол өткелінен өтіп бара жатқанда № 1216 тепловозына тосқауыл болған. Тепловоз жүргізушісі шұғыл түрде тоқтауға мәжбүр болды.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан жедел жәрдем мамандары жеңіл көлік жүргізушісін Петропавлдағы медициналық мекемеге жеткізді. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін дәрігерлер ер адамды үйіне жіберді", - дейді полицейлер.
Сарапшылар Оңтүстік Орал теміржолына келген материалдық шығынды анықтағаннан кейін жүргізушіге қатысты ҚРӘҚБтК 610-бабы 1-бөлігіне сәйкес ("Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы") әкімшілік хаттама толтырады.
Для комментирования нужна авторизация — это быстро и просто:
введите почту, получите PIN-код на email и готово!
{{ authError }}
Комментарии