Адамзат өркениетінің пайда болған кезеңінен бастап көптеген қалалар салынды. Алайда олардың қаншасы тасталып немесе ұмытылып кеткенін ешкім білмейді. Ұмытылып кеткен қалалар көпшілікті құпиясымен тартады, ал ғалымдар олардың тарихы мен мәдениетін қайта жандандыруға ұмтылады.

1. Тикаль қаласы (Гватемала)



Тикаль - майя өркениетінің ең маңызды орталықтарының бірі болып табылады. Ол біздің заманымызға дейінгі 2-9 ғасырларда едәуір гүлдене бастаған. Осы кезеңде қалада 200 мыңдай адам тұрған, бұл көрсетілген кезең үшін өте үлкен көрсеткіш болып табылады. Тикаль қаласы Мутуль патшалығының астанасы болған.

Тикаль қаласы ормандардың жойылып, топырақтың құнарсыздану салдарынан бұзыла бастады. Оның тұрғындарының бір бөлігі ашаршылыққа ұшырап, қалған бөлігі қаладан көшіп кетуге мәжбүр болды.



2. Чан-Чан қаласы



Ежелгі Чан-Чан қаласы Оңтүстік Америкада орналасқан. Ежелгі қоныс 900 - 1470 жылдар аралығында өмір сүрген Химор империясының астанасы болды. Мемлекет пен оның астанасының тағдыры қайғылы жағдайға тап болған . Бірнеше ғасырлық гүлденуден кейін оны инктар империясы жаулап алған.



3. Ежелгі Мохенджо-Даро қаласы



Мохенджо Даро ежелгі қаласы қазіргі Синд провинциясындағы (Пәкістан) Ларкан аймағындағы тауда орналасқан.

Мохенджо-Даро «өлгендер қорғаны» деп аударылады, ол әлемдегі ең ежелгі қалалық қоныстардың бірі болып табылады. Қаланың негізі б.з.д. 2600 жылдар шамасында қазіргі Пәкістан аумағында қаланды. Инд алқабындағы өркениеттің неліктен құлдырауға ұшырағаны әлі белгісіз.



4. Ежелгі Ктесифон қаласы (Ирак)

2-7 ғасыр аралығында Ктесифон ежелгі Парфияның, содан кейін Сасанидтер империясының астанасы болды. Ктесифон біздің заманымыздың 637 жылға дейінгі Месопотамия дәуірінің ірі қалалық қоныстарының бірі болды. Қала аймақтың саяси және коммерциялық орталығы болғандықтан көршілерінің үлкен қызуғышылығын туғызған. Сонндықтан бір империяның қолынан екінші империяның қолына алты рет өтті. Мұндай тұрақсыздық астананың Багдадқа көшірілуіне себеп болды. Нәтижеінде Ктесифон карьерге айналып, құлдырауға ұшырады.



5. Ежелгі Рим қаласы Лептис Магна (Ливия)



Лептис Магна - қазіргі Ливия территориясында орналасқан үлкен қала, оның негізін финикиялықтар қалаған және Рим императоры Септимиус Северус кезінде ежелгі дәуірдің алып мегаполисіне айналған. Ол Рим империясының ең әдемі қалаларының бірі болған. Бұған таңғажайып қоғамдық ғимараттар, айлақ, базар, қоймалар, дүкендер және сәнді тұрғын аудандар дәлел. Бірақ ұлы империя құлағаннан кейін адамдар одан біртіндеп көше бастады. Уақыт өте келе ол құмға толығымен сіңіп кетті.



6. Ежелгі Геркуланум қаласы (Италия)



Геркуланум - ежелгі Рим қаласы (б.з.д 79 жыл), онда 4-5 мың адам тұрған. Ол Везувийдің батыс етегінде орналасқан. Дәл осы жанартау қаланың Помпей, Торре Аннунзиата және Стабиямен бір уақытта жер бетінен жойылып кетуіне себеп болды.



7. Ортағасырлық Армения патшалығының астанасы Ани (Түркия)



Ани - қазіргі Түркия аумағында орналасқан Армения патшалығының ортағасырлық астанасы. Бастапқыда қоныс бекініс ретінде тұрғызылған, бірақ уақыт өте келе 100 мың тұрғыны бар алып қалаға айналған «Мың ғибадатхананың қаласы» экономикалық, мәдени және рухани өркендеуіне оның географиялық жағдайы ықпал етті, себебі Ани Жібек сауда жолының қиылысында орналасқан.



Дереккөз: vseonauke.com