Қазақстан-Түркия: дәрiгерлер тәжiрибе алмасады

 

Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Түркия-Қазақстан денсаулық аптасы» тақырыбындағы апталықтың ашылуына байланысты брифинг өтті. Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бірлесе ұйымдастырған апталықтың ашылу рәсіміне Еуропа бірлестігі бойынша «Түркия–Қазақстан денсаулық аптасының» топ жетекшісі Ариф Четин, Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Болатбек Абдрасилов және аталған университеттің ректор өкілі Женгиз Томар, облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев қатысты.

 

Сәуірдің 8-14-і аралығында өтетін апталық барысында түрлі кездесулер, шеберлік сабақтарын өткізу жоспарланған. «Біздің университетте тек медицина саласы бойынша үш мыңнан астам студент білім алып жүр. Апталық білім алушы жастарға өз біліктілігін шыңдау үшін зор мүмкіндік береді. Өйткені, Түркия – әлемдегі денсаулық сақтау саласы жақсы дамыған мемлекеттердің бірі» деді Болатбек Абдрасилов.

Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев тәжірибе алмасу үшін арнайы келген түркиялық әріптестеріне алғыс айта отырып, бүгінгі шараның маңыздылығына тоқталды.

– Аталған шараға Түркия мемлекетінен 18 маман келіп отыр.

Денсаулығында кінәраты бар балаларды анықтап, ота жасау мен кеңес беру жұмыстарын бастап жібердік. Сонымен қатар, аудандардағы дәрігерлерді де шақыртып жатырмыз. Ондағы мақсат – әріптестерімен тәжірибе алмассын деген ниет. Алдағы уақытта біз де дәрігерлеріміздің білімін жетілдіру үшін оларды Түркияға жіберетін боламыз, – деді ол.

Өз кезегінде Ариф Четин де бұл шараның саладағы маңызын жоғары бағалай отырып, қазақстандық әріптестерін апталықтың жоғары деңгейде өтуіне атсалысуға шақырды.

Апталық барысында Түркия мемлекетінен келген хирургтер, балалар хирургтері, уролог, офтальмолог, пластикалық хирург, акушер-гинеколог, анестезиолог-реаниматолог, ЛОР мамандары Түркістан қалалық балалар ауруханасы, №3 перинеталдық және клиника-диагностикалық орталығында науқастарды қабылдап, ақысыз ем-дом жасайды. Айта кетерлігі, дәл осындай апталық елімізде тұңғыш рет өтіп отыр.

Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК. Түркістан қаласы.

 

Последние новости

Гороскоп на 13 апреля
БОЛАШАҚ МАМАНДАРҒА СЕРТИФИКАТ БЕРІЛДІ
12.04.2019
Цитата дня
12.04.2019
Интересные факты
Гороскоп на 12 апреля
Түркiстан облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы
Шегiртке былтырғыдан 3 есе азайды
Бұл – тарихи қажеттілік!