Әскери өмiрдiң қыр-сыры түсiндiрiлдi

Поделиться:

 

Шымкент қаласындағы әскери техникалық мектепте «Әскерге бару – парызың!» деген ұранмен «ашық есік» күні өтті. Шараға өңірдегі жоғары және арнаулы оқу орындарынан екі жүзге жуық білім алушы қатысты.

 

Жиынға қатысушылар «40 күндік әскердің тиімділігі» атты тақырыпта тәжірибе алмасып, алғашқы әскери дайындық тәсілдерінің қыр-сырына қанықты. Сондай-ақ, оларға әскери-техникалық мектептің түлегі атану үшін қойылатын талаптар түсіндірілді. Қырық күндік әскерде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаздар жиналғандарға өз өнерлерін көрсетіп, жауынгерлік жаттығуларды орындады.

Түркістан облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен Шымкент қалалық білім басқармасы бірлесе өткізген іс-шараға осы салаға қатысы бар басқа мекемелерден де арнайы мамандар қатысты.

«Оңтүстік»-ақпарат.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также