Аграрлық-индустриялық бағыт: өңір экономикасының жаңа мүмкіндіктері

Поделиться:

Бүгін облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың төрағалығымен Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының кеңейтілген алқа отырысы өтті. Отырыс барысында өткен жылдың қорытындылары шығарылып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалды

— Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев инвестиция тарту жұмыстарын жандандыру және өңдеу өнеркәсібін дамыту бойынша нақты тапсырмалар берді. Бұл бағыттар біз үшін басымдық болып қала береді. Өткен жыл өңір үшін сапалы өзгерістер кезеңі болды. Облыс аграрлық-индустриялық өңір ретінде позициясын нығайтып, өнеркәсіп саласының тұрақты дамуын көрсетуде. 2025 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 942,4 млрд теңгені құрап отыр, — деді өңір басшысы.

Соңғы бірнеше жылда тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 708 млн АҚШ долларын құрады. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 65%, жеке инвестициялар көлемі 69% артты.

«Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы шет елдік, оның ішінде Ресей, Қытай, Италия, Германия және Түркия компаниялары үшін тартымды инвестициялық алаңға айналды. Өткен жылы облыста үш жаңа қосалқы аймақ құрылған болатын.

Сонымен қатар, облыс әкімі бұл бағыттағы жұмыстардың жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті. Негізгі міндет — тұрақты өсім қарқынын сақтау, экономиканы әртараптандыру және бизнес пен өңір тұрғындары үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыру.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также