Іс-шараға Мағжан Жұмабаев ауданының 17 ауылдық округтері мен Петропавл қаласынан келген «Солтүстік» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі қатысты.
Келушілерге жаңа және сапалы өнімдердің кең таңдауы ұсынылды:
- сүт және ет өнімдері,
- жұмыртқа,
- картоп,
- «Солтүстік» ӨК өнімдері.
Жәрмеңке қала тұрғындары мен қонақтарының басын қосты. Сатып алушылар жергілікті өндірушілердің өнімдерін тиімді бағада қуана сатып алып, іс-шараның жылы атмосферасы мерекелік көңіл-күй сыйлады.