Кездесу барысында аймақ басшысы еліміздің өркендеуі жолында аянбай еңбек еткен ардагерлерге алғыс білдіріп, олардың ел дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтті.
— Ел тарихының әр кезеңінде аянбай еңбек етіп, өңірдің дамуына сүбелі үлес қосқан бұл азаматтардың өмір жолы — бүгінгі жас ұрпаққа үлгі, ұлт рухының тірегі. Халқымызда «Қариясы бар үй — қазыналы үй» деген ұлағатты сөз бар. Аға буын өкілдері әрдайым қоғамдық өмірге белсене араласып, ұрпақтар сабақтастығын сақтап келеді, – деді өңір басшысы.