Азаптау мен қатыгездікке жол бермеудің алдын алу

Поделиться:

Адам құқықтарын қорғаудың маңызды бағыттарының бірі, әрі демократиялық құқықтық мемлекеттің негізгі элементі.
Әрбір адамның азаптау мен қатыгездіктен қорғау құқығы ажырамас және абсолюттік сипатқа ие. Ол «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында» және Қазақстан қосылған бірқатар халықаралық құжаттарда, соның ішінде «Азаптауларға қарсы конвенцияда», «Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіде» және «Азаптауларға қарсы конвенцияның Факультативтік хаттамасында» бекітілген.

1988 жылы БҰҰ-ның Азаптауларға қарсы конвенциясын ратификациялау арқылы Қазақстан қандай жағдай болмасын адамгершілікке жатпайтын жаза түрлерін қолдануға толық тыйым салуды қамтамасыз ету жөнінде міндеттеме алды.

Соңғы жылдары Қазақстан азаптауды жою және адам құқықтарын қорғаудың тиімді жүйесін құру жөнінде елеулі қадамдар жасады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша басталған ауқымды реформалардың арқасында азаптауға қарсы күрес жүйесі түбегейлі өзгерістерге ұшырап, барынша ашық әрі тиімді бола түсті.
Бұл міндетті жүзеге асыруда адам құқықтары жөніндегі Уәкіл және оның жанындағы ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) ерекше рөл атқарады. ҰАТ қатысушылары арнайы қабылдағыштарға, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне және өзге де жабық ұйымдарға кенеттен тексеріс-барулар жүзеге асырады.

Жабық үлгідегі мекемелерге 800-ге жуық бару жүргізілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда азаптау мен қатыгездікке қатысты шағымдар санын 30% — ға қысқартуға мүмкіндік берді.
Азаптаудың алдын алудың маңызды элементі құқық қорғау органдарының қызметкерлерін құқықтық оқыту және жеке адамның қадір-қасиетін құрметтеу мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Сонымен қатар, азаматтарды өздерінің құқықтары мен заңсыз әрекеттерден қорғау тетіктері туралы ақпараттандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қойылған міндеттер шеңберінде 1260 құқықтық оқу-ағарту іс-шаралары өткізілді.
Бұдан басқа, ұрып-соғудың кез келген түрі дереу тіркеуді және құқық қорғау органдарына, атап айтқанда прокуратура органдарына жолдануы қажет екендігін айқындайтын халықаралық стандарттарды (атап айтқанда Стамбул хаттамасын) енгізудің қажеттілігі атап өтіледі.

Азаптау мен қатыгездікті алдын алу – бұл бұзушылықтарға ден қою ғана емес, сонымен қатар ар-намысты қорлайтын жаза түрлерін қолдану мүмкіндігі барынша азайтылатын жағдайлар жасау.
Негізгі қадамдардың бірі заңнаманы күшейту болды. Қылмыстық кодекс осындай қылмыстар үшін жауапкершілікті күшейте отырып, «азаптау» және «қатыгездік» ұғымдарын нақты бөліп, жетілдірілді.
Тергеудің объективтілігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін азаптау істері енді тек прокуратураның тергеуінде.
Сотқа дейінгі тергеу жүйесіндегі жаңа стандарттар, мысалы, жауап алулар мен сот отырыстарының міндетті бейнежазбалары ашықтық деңгейін едәуір арттырды және ықтимал теріс қылықтардың алдын алуға көмектесті.
Барлық қабылданған шаралар — жүйелі мониторинг, құқықтық ағарту, шағым берудің қауіпсіз арналарына қол жеткізу, ҰАТ тәуелсіздігі және кінәлілерді сөзсіз жазалау – мекемелердің жұмысын ұйымдастыру кезеңінде де теріс пайдалану алынып тасталатын кепілдіктер мен құқықтық мәдениеттің сенімді жүйесін жасайды.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілі
Жанат Жұмабаев

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также