Мемлекет басшысы отандық машина жасау саласын экономиканың негізгі қозғаушы күштерінің бірі ретінде дамыту маңыздылығын үнемі атап өтеді.
Бүгін облыс әкімі еліміздегі вагон жасау бағытындағы жетекші кәсіпорындардың бірі — ЗИКСТО зауытындағы жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты.
Қазіргі уақытта австриялық IGM компаниясының жоғары технологиялы өндірістік роботтары орнатылуда. Олар алдағы уақытта жылжымалы құрамды жинақтауға жұмылдырылады. Жыл соңына дейін жүк вагондарын толық циклмен шығаратын жаңа цехтың құрылысы аяқталады деп жоспарлануда.