Қытайда ШЫҰ халықаралық сахнасында өнер көрсеткен «Sensitive» есту қабілеті нашар бишілер театры елге оралды.
Бүгін облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ұжымның жетекшісі Ольга Ростовщиковамен кездесті. Кездесу барысында инклюзивті өнерді дамытуға бағытталған алдағы жоспарлар жайы талқыланды.
«Бишілер халықаралық сахнада кәсіби деңгейде өнер көрсетіп, еліміздің абыройын жоғары дәрежеде қорғап шықты. Талантты жастарымызбен мақтанамыз»,- деді өңір басшысы.