СҚО-да «Келешек мектептері» аясында екінші мектеп ашылды

Поделиться:

Бүгін Петропавл қаласының Береке шағын ауданында 600 орындық жаңа мектеп ашылды. Білім ордасы Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған.

Ашылу рәсіміне облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысып, өскелең ұрпаққа сапалы білім беру үшін қолайлы инфрақұрылым қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Жаңа мектеп заманауи талаптарға толық сай: STEM-зертханалар, робототехника, хореография кабинеттері, коворкинг аймақтары және спорт залдарымен жабдықталған. Оқу үдерісінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект элементтері қолданылады.

«Заманауи мектептердің ашылуы – сапалы, қауіпсіз және қолжетімді білім беру саясатының нақты нәтижесі. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса береді», – деді өңір басшысы.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также