Бүгін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Мамлют ауданына жұмыс сапарымен барып, халықтың әл-ауқатын арттыруға және инфрақұрылымды дамытуға бағытталған әлеуметтік-экономикалық жобалардың жүзеге асу барысымен танысты.
Мамлютка қаласында әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға арналған 16 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Пәтерлер қыркүйек айында пайдалануға беріледі.
Ауызсу сапасын жақсарту мақсатында құны 1,3 млрд теңгені құрайтын 8 жоба жүзеге асырылып жатыр. 4 ауылда су тазарту модульдері орнатылады. Орталық қазандықта 2 қазандық жұмыс істейді, биыл қосымша қазандық орнатылады.
Алдағы айда ауданда экологиялық таза желім қолданатын ағаш жоңқасынан тақта шығаратын зауыт іске қосылады. «Сапа Инвест Плюс» кәсіпорны жылына 30 мың тонна өнім өндірмек. 15 жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл жобаның ел бойынша баламасы жоқ.
Ауданда аквакультура қарқынды дамып келеді. Кәсіпкер Александр Ухов балық өсірумен айналысады. Биыл 150 тонна өнім экспортқа шығарылады.
Ауданішілік және ауылішілік жолдарды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Биыл 12 шақырым жол орташа жөндеуден өтеді.