Әлем кубогының иегері Наталья Богдановаға туған жерінде құрмет көрсетілді

Поделиться:

Бүгін облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен өңірдің спорт қауымы әлем кубогының иегері атанған белгілі боксшы Наталья Богдановаға құрмет көрсетті. Әсіресе, финалдық жекпе-жектің Астанада өтуі — ерекше символдық мәнге ие. Онда Наталья Австралиялық қарсыласын сенімді жеңіп, қазақстандық бокстың жоғары деңгейін көрсетті.

Бұған дейін де Наталья үлкен жетістіктерге жеткен — ол әлем чемпионатының қола жүлдегері және Азиада чемпионы. Бұл — Солтүстік Қазақстан халқы мақтан тұтатын айтулы жеңістер!

— Бапкері Дастан Кабденовке кәсібилігі, табандылығы және өңірдегі боксты дамытуға қосқан үлесі үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Сіздердің тандемдеріңіз облысымыздың спорттық имиджін нығайтып, жастарға күш-жігердің, табандылық пен сенімнің жарқын үлгісін көрсетуде. Жеңісті күндер алда болсын! — деп жазды өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желіде.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также