Бірінші көтергіш сорғы станциясы жаңартудан кейін іске қосылды

Поделиться:

Үкіметтің қолдауы мен «KAZ Minerals Demeu» корпоративтік қорының 2,9 миллиард теңге көлеміндегі демеушілік көмегі арқасында маңызды инфрақұрылымдық жоба – бүкіл қаланы ауызсумен қамтамасыз ететін бірінші көтергіш сорғы станциясын қайта жаңғырту сәтті жүзеге асты. Атқарылған жұмыстармен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов танысты.

Қайта жаңғыртудың негізгі нәтижелері:

  • Су астында да тоқтаусыз жұмыс істей алатын заманауи еуропалық сорғы жабдықтары орнатылды,
  • Дизель генераторы ғимараттың жоғарғы бөлігінде су басудан қорғайтын деңгейде орналасты. Басқару пульті де қауіпсіз биіктікке қойылып, қашықтан басқару режимінде жұмыс істейді,
  • Биіктігі 4,7 метр болатын темірбетонмен күшейтілген габион бөгеті салынды.

Тұрақты электрмен қамтамасыз ету мақсатында: төрт әуе желісі қалпына келтірілді, сондай-ақ жер астымен екі резервтік кабель желісі тартылды.

— Жаңартылған нысан қалалық инфрақұрылымның су тасқыны қатеріне төзімділігін жақсартып, қалалықтарды тұрақты ауызсумен қамтамасыз етпек, — деп атап өтті өңір басшысы.

Резервтік су жүйесі

Заманауи жабдық енгізілгеніне қарамастан, сорғы станциясы — қаладағы ауызсудың жалғыз көзі. Су жүйесінің сенімділігін арттыру мақсатында Ойқала шағын ауданында резервтік станция салынбақ. Бұл жоба қолданыстағы тәуекелдерді жойып, су инфрақұрылымының тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также