СҚО әкімі жазғы лагерде балалармен тілдесті

Поделиться:

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Аққайың ауданындағы «Оқжетпес» балалар жазғы лагерінде болды. Мұнда жазғыс демалыстың жаңа маусымы ашылды.

«Балалардың жазғы демалысты белсенді, мазмұнды әрі көтеріңкі көңіл-күймен бастағанына қуаныштымын», — деп жазды өңір басшысы.

Лагерьде балалардың қауіпсіз әрі жайлы демалысы үшін барлық жағдай жасалған: жөнделген корпустар, абаттандырылған аумақ, бейнебақылау, сапалы тамақтану, медициналық қызмет және әр тақырыпқа арналған қызықты ойын-сауық бағдарламалары.

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты басымдықтардың бірі. Биыл 1–10 сынып оқушыларының 95%-ы түрлі демалыс және еңбекпен қамтылмақ. Бұл – 64 мыңнан астам оқушы.

Жазғы маусым облыстағы 10 лагерьде басталады, онда 6 мың бала демалады. Биыл 4 лагерь жаңартылды.

«Біз әрбір баланың жазы – жаңа ашылымдарға толы, дамуға бағытталған әрі қауіпсіз, қамқор ортада өткен демалыс болуын мақсат етеміз», — деп атап өтті облыс әкімі.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также