Президент стипендиясы қай оқу орындарына беріледі

2021-07-14 09:57:25

Білім және ғылым министрінің Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылға арналған стипендиясын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасында бөлу туралы бұйрығы жарияланды деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Республика бойынша бөлінген Президент стипендиясының жиынтық саны – 926. Оның 919-ы студенттерге, жетеуі магистранттарға бөлінген.

Стипендия елдегі 35 оқу орнына үлестіріліп отыр. Олардың арасында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне – 105, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне – 100, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіне – 75, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мелекеттік университетіне – 67, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне 55 стипендиядан берілген. 

Автор: Риза Шайқақ 


 

Последние новости

14.07.2021
Астанчанка выиграла суд против "КазАвтоЖола"
14.07.2021
Божьи коровки атаковали побережье Азовского моря.
14.07.2021
ЦИТАТА ДНЯ
14.07.2021
Родительские войска в чате
14.07.2021
Гороскоп на 14 июля
13.07.2021
Участок одной из улиц Нур-Султана будет недоступен для проезда еще месяц
13.07.2021
7 советов, как научить детей думать
13.07.2021
10 причин добавлять в белье уксус во время стирки