Ауылшаруашылығы министрі: Ақтөбе өңірінің ауылшаруашылық әлеуеті жоғары.
Бүгін ауылшаруашлығы министрі Сапархан Омаров облыс әкімі Оңдасын Оразалинмен элиталық тұқым өсіру шаруашылығымен айналысушы “Пригородное” ЖШС болды. Ондағы көкөніс пен картоптың ерте сұрыптарын жинау жұмыстарын бақылады.
Шаруашылық көкөніс, дәнді-дақыл, картоп өсірумен оны сақтап, сатумен айналысады.Ақтөбе облысының 78% өз өнімдерімен қамтамасыз етеді. Нарықта 20 жылдан астам тәжірибе жинаған серіктестік “Қарапайым заттар экономикасы” бағдарламасы аясында 2021 жылы 3,5 тонна көкөніс сақтауға арналған орын салуды жоспарлайды. Министр мен өңір басшысының жұмыс сапары Благодар ауылдық округінде жалғасты. Мұнда құрылтайшысы “Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы” болып табылатын
«Ақтөбе ауылшаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС-нің жұмыстарын көрді. Мұнда өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірумен, өсімдік шаруашылығын жүргізумен айналысады. Сондай-ақ, қой және жылқы шаруашылығы бөлімдері бар.
Серіктестікте ауыл шаруашылығы мақсаттағы 8 363,07 га жердің 1 340,1 га егістік, 4 044,27 га жайылым. 15 бірлік трактор, 9 астық жинау комбайн, а/ш машиналары мен жабдықтары-35 бірлік, сондай-ақ өз ғимараттары мен құрылыстары бар.
Сапархан Омаров екі күндік жұмыс сапары соңында өңір басшысы Оңдасын Оразалинмен
«Мұғалжар жылқысы» ЖШС жұмыстарымен танысты. Ақтөбе популяциясының мұғалжар және көшім асыл тұқымды жылқыларын өсіруді қолға алған. Басшысы Руслан Биғазиев ферманың алға қойған мақсаттарымен бөлісті. 412 жылқы, 7 бас айғыр-өндіруші және 264 әр түрлі жастағы төлдері бар. Жылына 45-50 бас асыл тұқымды сатады. Дегенмен төзімді әрі экономикалық жағынан өте тиімді жылқының тұқымын көбейту процесстеріне мемлекет тарапынан қолдау қажет. Еліміз бойынша 3 млн мұғалжар жылқысы бар. Ақтөбеде «Мұғалжар» және «Көшім» асыл тұқымды жылқысының авторы а.ш.ғ.к Серікбай Рзабаевтың көп жылдық тәжірибесіне орай
ғылыми зерттеу жобаларының негізі сақталған. Республикалық ет және сүт өнімі бағытындағы жылқы тұқымдары палатасының директоры Еркегүл Тілеген мұғалжар жылқысының санын арттыру бағытында 4-5 жылға арналған мемлекеттік бағдарлама түзу ұсынысын білдірді.
“Екі күндік іс- сапарымды қорытындылай келе, Ақтөбе өңірінде ауылшаруашылық саласының қарқынды дамып отырғанын байқадым. Әсіресе, жоңышқаны қайта өңдеу күрделі әрі қазіргі күні сұранысқа ие жобалардың бірі.Одан бөлек өңірде қосымша сүт тауарлы фермасы бой көтермек. Жем- шөп базасының жұмысы да жоғары деңгейде. Ал, білдірген ұсыныстарыңыз бен өтініштеріңіз өте орынды алдағы уақытта қолдау көрсетіледі”,- деді ауылшаруашылығы министрі.
Айтып өтейік, облыста ауыл шаруашылық өндірісі 129,8 млрд.тг. құрап, 3,5% өсім байқалады.
Қазіргі уақытта егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру бойынша мақсатты жұмыс жүргізілуде.
Сондай-ақ, республикалық бюджет есебінен облыста тұрақты суарылатын 10,6 мың га жер қосымша айналымға енгізіледі, суармалы жерлердің көлемін 40,8 мың га дейін жеткізу жоспарланып отыр, бұл ретте оларды пайдалану 100% - ды құрайды.
Сапархан Омаров: В Актюбинской области имеется высокий аграрный потенциал.
На второй день рабочей поездки по региону министр сельского хозяйства РК Сапархан Омаров вместе с акимом области Ондасыном Уразалиным посетил ТОО “Пригородное”, специализирующееся на элитном семеноводстве и ознакомился с ходом уборки урожая и сортов раннего картофеля и овощей.
Хозяйство обеспечивает своей продукцией 78% населения области.
В рамках программы “Экономика простых вещей” ТОО, имеющее более 20 лет опыта работы в данной сфере, планирует построить в 2021 году овощехранилище на 3,5 тонны.
В Благодарном сельском округе министру показали ТОО «Актюбинская сельскохозяйственная опытная станция» учредителем которой является «Национальный аграрный научно-образовательный центр”. Здесь создают новые сорта сельскохозяйственных культур и породы животных, разрабатывают технологии их выращивания.
В АСХОС имеется 8 363 га земли сельскохозяйственного назначения, 1 340 га пашни, 4 044 га пастбищ, автопарк, включающий 15 тракторов, 9 зерноуборочных комбайнов и другую спецтехнику.
Также Сапархан Омаров посетил ТОО «Мұғалжар жылқысы», где ведется разведение актюбинской популяции племенных лошадей мугалжарской и кушумской пород. В хозяйстве имеются 412 лошадей, 7 жеребцов и 264 головы молодняка. В год реализуется 45-50 голов племенного скота.
В Казахстане насчитывается более 3 млн лошадей мугалжарской породы.
В Актобе за основу разведения племенных лошадей взяты научные исследования и многолетний опыт автора пород «Мугалжар» и «Кушум» к.с.х.н. Серикбая Рзабаева. Директор республиканской палаты конных пород мясного и молочного направления Еркегуль Тлеген предложил разработать государственную программу по увеличению численности лошадей мугалжарской породы.
"Подводя итоги двухдневной программы, хочу отметить динамичное развитие сельскохозяйственной отрасли в регионе. В частности, переработка люцерны является одним из самых сложных и востребованных на сегодняшний день проектов. В регионе планируется построить дополнительно молочно-товарную ферму. На высоком уровне находится развитие кормовой базы. Все озвученные предложения будут поддержаны», - сказал министр сельского хозяйства в завершение поездки.
Отметим, что объём сельского хозяйства в регионе составил 129,8 млрд.тг.
В настоящее время проводится работа по диверсификации структуры посевных площадей.
За счет республиканского бюджета в оборот будет введено дополнительно 10,6 тыс. га орошаемых земель, в результате их площадь будет доведена до 40,8 тыс. га, их использование составит 100%.