Ақтөбе облысының әкімі елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты жиын өткізді
15 наурыз, жексенбі Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жариялаған төтенше жағдайына байланысты шұғыл жиын өткізді. Облыс әкімінің орынбасарлары, қала, аудан әкімдері мен департамент, басқарма басшылары, сауда орындарының өкілдері қатысқан басқосуда Ақтөбе облысында төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету, алдын-алу шараларын күшейту мәселесі талқыланды.
«Дүние жүзіне тараған індетке қатысты өз тарапымыздан жан-жақты шараларды қамтамасыз ететін боламыз. Салғырттық танытпау қажет, әрқайсысымызға артылған тиісті міндеттерді дұрыс атқарып, үлкен жауапкершілікпен қарауға міндеттіміз»,-деді Оңдасын Оразалин.
Өңір басшысы тұрғындарды үрейленбеуге шақырды. Ақтөбедегі «Дина», «Анвар» сынды азық-түлік дүкендері сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелер «Азаматтарға арналған үкімет» тоқтаусыз жұмысын жалғастырады.
Аймақ басшысы сауда орындарының басшыларына азық-түлік бағасын көтермеуді, және қызметкерлерінің сақтық шараларын орындауын сондай-ақ, қоғамдық көлік тасымалдау мекемелерінің басшыларына автобустарда дезинфекция жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевке барлық қоғамдық орындарға COVID-19 коронавирусының белгілері жайында хабарландырулар тарату қажеттігін және Ақтөбеде шығарылатын бетперде санын арттыру қажеттігін айтты.
Облыс әкімі жиынға селекторлық режимде қатысқан аудан басшыларына аудандарда құрылған Шұғыл штаб жұмысын жандандыру керектігін атап өтті.
«Ақтөбеде жағдай тұрақты, дегенмен де «Сақтықта қорлық жоқ» деген сөз бар. Біріншіден жауапкершілік, ұйымшылдық, ауызбіршілік таныту арқылы ақтөбеліктердің бұл сынақтан да сүрінбей шығарына сенемін»,-деді аймақ басшысы.
Айтып өтейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2020 жылғы 16 наурыздағы 08 сағат 00 минут пен 2020 жылғы 15 сәуірдегі 07 сағат 00 минут кезеңінде төтенше жағдай енгізілу туралы шешім қабылдады.
Ондасын Уразалин провел совещание в связи с объявленным в Казахстане ЧС
В воскресенье, 15 марта, аким Актюбинской области Ондасын Уразалин провел экстренное совещание в связи с чрезвычайным положением, объявленным Президентом Касым-Жомартом Токаевым в целях обеспечения безопасности населения. На совещании, которое прошло с участием заместителей акима области, акимов г. Актобе и районов, руководителей госорганов, представителей торговых предприятий были рассмотрены вопросы обеспечения режима ЧС, усиления профилактических мер.
«Со своей стороны нам нужно принять все необходимые меры по предотвращению распространения эпидемии.
Нельзя проявлять халатность, мы должны со всей ответственностью выполнять все возложенные на каждого из нас задачи», - сказал Ондасын Уразалин.
Глава региона призвал жителей не паниковать. Крупные торговые сети «Дина», «Анвар», продуктовые магазины, а также учреждения, оказывающие государственные услуги продолжат работу.
Аким области поручил руководителям торговых предприятий не повышать цены на продукты питания, а также соблюдать меры предосторожности сотрудников, руководителям предприятий общественного транспорта предстоит следить за проведением дезинфекционных мероприятий в автобусах.
Руководителю управления здравоохранения Асету Калиеву поручено усилить информационно-разъяснительную работу в общественных местах, размещать объявления о признаках коронавируса COVID-19, а также увеличить производство масок в Актобе.
Акимам районов необходимо активизировать работу оперативных штабов.
«В Актобе ситуация стабильная, но как говорится, «береженого бог бережёт». Я уверен, что благодаря ответственности, сплоченности, актюбинцы пройдут и это испытание», - сказал глава региона.
Напомним, Президент Касым-Жомарт Токаев принял решение о введении чрезвычайного положения на всей территории Казахстана в период с 08 часов 00 минут 16 марта 2020 года до 07 часов 00 минут 15 апреля 2020 года.
--
Құрметпен,
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі