Ақтөбе облысында былтыр 33 жаңа білім беру нысаны салынды


Бұл туралы халықпен есептік кездесу кезінде Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин мәлімдеді.


Өңір басшысы 2016-2019 жылдарға арналған ғылым мен білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асырудың қорытындысы бойынша барлық көрсеткіштерге қол жеткізілгенін атап өтті.


«2 мың орындық 21 балабақша пайдалануға берілді. Бұл 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100% қамтуға мүмкіндік берді. Балабақшаға тіркеу және жолдама беру электрондық форматқа ауыстырылды. Мектепке дейінгі ұйымдарда атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балаларының тамақтануына 70% жеңілдік төлеу мәселесі шешілді. Сондай-ақ, пайдалануға берілген 12 мектеп 5 үш ауысымды, 7 ескі және апатты жағдайдағы мектептер проблемасын шешуге мүмкіндік береді»,- деді өңір басшысы.


Апатты жағдайдағы мектептердің ғимараттарын қайта жаңартуға, күрделі жөндеуге және жаңғыртуға, сондай-ақ оларды заманауи жабдықтармен жарақтандыруға көп көңіл бөлінеді.


Үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептерді, сонымен қатар, оқушы орындарының жетіспеушілігін жою үшін1 880 орындық 5 мектеп пайдалануға беріледі. Ағымдағы жылы Батыс-2 ауданында жеке инвестициялар есебінен 1800 орындық екі мектептің құрылысы жүргізілуде.


2020 жылы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік механизмі арқылы Ақтөбе қаласының автожол, медициналық және политехникалық колледждерінің 500-ден астам студентін жатақханамен қамтамасыз ету жобаларын іске асыру жоспарлануда.


Облыста денсаулық сақтауды дамытуға да ерекше көңіл бөлінуде. Жаңа медициналық мекемелер салынып, жұмыс жасап тұрған емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық базасы нығаюда, халыққа медициналық қызмет көрсету сапасы жоғарылауда.


« «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы облыс тұрғындары үшін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік берді. Соңғы 3 жылда өңірде жалпы құны 11 млрд.теңгеден астам 30 медициналық мекеме салынды. Олар жедел медициналық жәрдем станциясы, «Дару жарығы» офтальмологиялық клиникасы, 12 дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлік – акушерлік пункт, 6 медициналық пункт сынды ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау нысандары. Медициналық мекемелерді заманауи инновациялық медициналық жабдықтармен жабдықтау жылдан жылға жақсарып келеді. Осының барлығы облыстың негізгі демографиялық көрсеткіштерінің жақсаруына әкелді. Соңғы 3 жылда облыста халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы 72-ден 73,4 жасқа дейін, бала туу – 4,9%-ға өсті, жалпы өлім-жітім 5,7%-ға төмендеді»,- деді Оңдасын Оразалин.


Облыс әкімі сондай-ақ, спорт нысандарының да салынып жатқанын атап өтті. Мәртөк ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталды.


2020 жылы Ырғыз, Қарғалы, Әйтеке би, Байғанин, Темір және Хромтау аудандарында бұрын басталған дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің, Ақтөбе қаласындағы ипотерапия әдісімен дене мүмкіндіктері шектеулі балаларды оңалту және емдеу үшін ат қорасы бар жабық манеж құрылысын аяқтау жоспарлануда.

33 новых объекта образования построили в 2019 году в Актюбинской области

Об этом в ходе отчетной встречи с населением сообщил аким Актюбинской области Ондасын Уразалин.

Глава региона отметил, что по итогам реализации государственной программы развития образования и науки на 2016-2019 годы, достигнуты все намеченные показатели.

«В эксплуатацию введен 21 детский сад на 2000 мест. Это позволило достигнуть 100% охвата детей от 3 до 6 лет дошкольным воспитанием и обучением. Регистрация и выдача направлений в детский сад переведены в электронный формат. В детских садах решен вопрос выплаты 70%-ной скидки на питание детей из семей, получающих адресную социальную помощь. Также введены в эксплуатацию 12 школ, что позволит решить проблему 5 трехсменных, 7 аварийных и старых школ», - рассказал глава региона.

Большое внимание уделяется реконструкции, капитальному ремонту и модернизации зданий аварийных школ, а также оснащению их современным оборудованием. 

Так, в целях ликвидации трехсменных и аварийных школ, а также дефицита ученических мест в текущем году будет введено в эксплуатацию 5 школ на 1880 мест. За счет частных инвестиций в мкр Батыс-2 ведется строительство 2 школ на 1800 мест.

В 2020 году в рамках ГЧП планируется реализация проектов по обеспечению общежитием более чем 500 студентов автодорожного, медицинского и политехнического колледжей.

Особое внимание в регионе уделяется и развитию здравоохранения. Строятся новые медицинские учреждения, укрепляется материально-техническая база действующих лечебных учреждений, повышается качество медицинских услуг населению.

«Реализация государственной программы «Денсаулык» позволила значительно улучшить качество и доступность медицинской помощи для жителей. За последние 3 года в регионе построены более 30 медучреждений стоимостью более 11 млрд. тг, в их числе - станция скорой медицинской помощи, офтальмологическая клиника «Дару жарыгы», 12 врачебных амбулаторий, 4 фельдшерско-акушерских пункта, 6 медпунктов в сельской местности. Улучшается оснащение медицинских учреждений инновационным медицинским оборудованием нового поколения. Все это привело к улучшению основных демографических показателей области - за 3 года в области увеличилась продолжительность жизни населения с 72 до 73,4 лет, рождаемость – на 4,9%, снизилась общая смертность на 5,7%», - добавил Ондасын Уразалин.

Аким области также отметил, что в регионе ведется строительство спортивных сооружений. Так, завершено строительство физкультурно-оздоровительного комплекса в с.Мартук. В 2020 году планируется завершить строительство ФОК в Иргизском, Каргалинском, Айтекебийском, Байганинском, Темирском и Хромтауском районах, крытого манежа с конюшней для реабилитации и лечения детей с ограниченными физическими возможностями методом иппотерапии в г.Актобе.

Құрметпен,

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі