В Актобе прошло заседание Общественного совета


10 февраля в акимате области прошло заседание Общественного совета, в котором приняли участие члены Общественного совета, ветераны труда, депутаты областного маслихата, руководители государственных органов.

Аким области Ондасын Уразалин проинформировал об итогах социально-экономического развития региона за 2019 год и задачах на 2020 год.

Глава региона отметил, что в области наблюдается положительная динамика всех социально-экономических показателей. 

Так, рост промышленности составил 5,9%, объемов сельского хозяйства – 3,7%, инвестиций – 7,5%, строительства – 5,8%, бюджет освоен на 99,6% или 269,8 млрд тг. С 1 января 2019 года размер минимальной заработной платы увеличился с 28 284 тенге до 42 500 тенге. Повышение коснулось более 70 тысяч актюбинцев. Среднемесячная заработная плата населения области увеличилась на 13,9% и составила 156 615 тенге. Кроме того, по итогам 2019 года в экономику области привлечено 600 млрд тенге инвестиций. В 2020 году планируется привлечь 740 млрд. тенге.

«В Послании народу Казахстана Глава государства поручил активнее внедрять новые формы поддержки бизнеса, уделяя особое внимание социальным аспектам. Количество действующих субъектов малого и среднего бизнеса увеличилось на 8,6% и составило 59,1 тыс. единиц. В сфере малого и среднего бизнеса количество действующих субъектов МСБ увеличилось до 147,1 тыс человек», - сказал Ондасын Уразалин в частности.

В 2019 году отремонтировано почти 350 км дорог, в 2020 году работа в этом направлении будет продолжена и будет отремонтировано 636 км автодорог области.

Кроме того, в настоящее время реализуется 11 проектов газоснабжения на общую сумму 2,2 млрд тенге с завершением объектов до конца 2020 года. В результате будут газифицированы 6 населенных пунктов с населением более шести тысяч человек.

Глава региона рассказал, что в области имеется дефицит газа, связанный с чрезмерной нагрузкой на газопровод «Бухара-Уральск»,  износом линии «Жанажол-Актобе» и др. В целях решения данной проблемы акиматом области совместно с Правительством ведутся работы по реализации проекта «Строительство 3-х линий магистрального газопровода-отвода в г. Актобе Актюбинской области».

Председатель Общественного совета Баглан Баймагамбетов, а также члены совета дали положительную оценку результатам работы акимата области и внесли ряд предложений.

Так, по их мнению на Центральном стадионе необходимо возобновить работу по присвоению имени Кобыланды батыра, усилить мероприятия по повышению финансовой грамотности актюбинцев.

Кроме того, члены Совета считают необходимым решить вопросы, касающиеся простаивающего парка «Астана», переработки бытовых отходов.

Глава региона дал исчерпывающие ответы на все вопросы. Ондасын Уразалин поблагодарил депутатов маслихата и членов Совета за поддержку всех инициатив.

Ақтөбеде  қоғамдық кеңес отырысы  өтті


10 ақпан, дүйсенбі  күні  облыс әкімдігінде  қоғамдық кеңес мүшелері, еңбек ардагерлері, облыстық мәслихат депутаттары, басқарма басшыларының қатысуымен облыстық қоғамдық кеңес отырысы өтті. Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин  өңірдің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен 2020 жылға арналған міндеттерді  баяндады.

«Жиынға алдыңғы буын ағаларымыз бен апаларымыз қатысып отыр. Өйткені өмірлік тәжірибесі, көргені мен түйгені мол ардагерлеріміз, әлі де қоғамдағы болып жатқан жайттарға бей-жай қарамайды. Сондықтан осындай отырысқа олардың қатысуы тектен тек емес. Біздерге олардың айтар ақылдары мен келелі кеңестері керек»-деп атап өтті аймақ басшысы.

Облыста барлық әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерде оң динамика байқалады.  Өнеркәсіп – 5,9%, ауыл шаруашылығы – 3,7%, инвестициялар – 7,5%, құрылыс – 5,8%, тауар айналымы – 4,9%, бюджеттің игерілуі – 99,6% немесе 269,8 млрд тг, кірістірілген бюджетке түсімдер – 102,4% немесе 547,1 млрд тг, жергілікті бюджетке түсімдер – 119,2 млрд тг құрады. Сонымен қатар, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы 28 284 теңгеден 42 500 теңгеге дейін өсті. Ең төменгі жалақы алатын 70 мыңнан астам ақтөбеліктің жалақысы көтерілген. Облыс тұрғындарының орташа айлық жалақысы 13,9%-ға өсіп, 156 615 теңгені құрады. Сондай-ақ, 2019 жылдың қорытындысы бойынша облыс экономикасына 600 млрд теңге инвестиция тартылып, 7,5% өсімді құрады. 2020 жылы облыстың негізгі капиталына салынатын инвестиция көлемін 740 млрд. теңгеге дейін арттыру мақсаты тұр.

«Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында әлеуметтік аспектілерге баса назар аудара отырып, бизнесті қолдаудың жаңа нысандарын белсенді енгізуді тапсырды. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 8,6%-ға артты және 59,1 мың бірлікті құрады. Шағын және орта бизнес саласында халықты жұмыспен қамту 9,9%-ға немесе 147,1 мың адамға дейін артты»-деді Оңдасын Оразалин.

2019 жылы облыстың   350-ге жуық км жол жөнделіп, 2020 жылы 56-ға жуық млрд теңге сомасына облыстың 636 км автомобиль жолдарын жөндеу жоспарлануда.

Қазіргі уақытта жалпы құны 2,2 млрд теңге болатын 11 газбен жабдықтау жобасы іске асырылуда. Жобаны аяқтау 2020 жылдың соңына дейін жоспарланып отыр. Нәтижесінде саны  6000 мыңнан астам халқы бар 6 елді мекен газдандырылады. Облыста «Бұқара-Орал» газ құбырына шамадан тыс жүктеме болуына, сондай-ақ Жаңажол Газ өндіру зауытынан «Жаңажол-Ақтөбе» МГ желісі тозуына, газға сұраныстың болжамды өсуіне байланысты газ тапшылығы бар. Осыған байланысты қазіргі уақытта әкімдік Үкіметпен бірлесіп «Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласында магистральды газ құбыры-бұру 3 желісінің құрылысы» жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қоғамдық кеңес төрағасы Бағлан Баймағамбетов, және кеңес мүшелері облыс әкімінің атқарған жұмыстарын оң бағалап, бірқатар ұсыныстарын жеткізді. Мәселен,  орталық стадионға  Қобыланды батыр есімін беруді қайта жаңғырту, ақтөбеліктердің қаржылық сауаттылығын арттыру керектігін жеткізді.   Себебі, қаржылық сауатсыздық салдарынан несиелік қарыздарын өтей алмай көмек сұраушылар саны артқан. Сонымен қатар, құрылысы тоқтап тұрған  «Астана» саябағын жекеменшікке өткізуді, тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін орындарды ашу қажеттігі айтылды.

Аймақ басшысы көтерілген мәселелерге толыққанды жауап берді. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин облыстағы атқарылып отырған әрбір жұмысқа қолдау білдіріп отырғандары үшін мәслихат депутаттары мен кеңес мүшелеріне алғыс білдірді. Алдағы уақытта да кез-келген мәселені бірлесіп шешеміз деген сенімін білдірді.