Ондасын Уразалин: В Уилском районе созданы все условия для развития сельского хозяйства
В среду, 29 января глава региона Ондасын Уразалин посетил Уилский район, где принял участие в отчётной встрече с населением.
На встрече присутствовали государственный инспектор Администрации Президента РК Жайсан Ахметов, жители района, депутаты районного маслихата, местные предприниматели.
Аким района Аскар Казыбаев проинформировал об итогах социально-экономического развития района за 2019 год и озвучил задачи на 2020 год.
«В Уилском районе созданы все условия для развития сельского хозяйства. Приняты меры по развитию и других приоритетных направлений. Мы видим, что достигнуты высокие результаты в сфере сельского хозяйства, промышленности, малого, среднего бизнеса, строительства. Все актуальные вопросы, которые поднимает население, будут решаться. Исполнительные органы должны тесно сотрудничать с населением и вести разъяснительную работу. Нам необходимо рационально использовать имеющиеся возможности и работать на благо страны», - сказал Ондасын Уразалин, поручив
руководству района усилить работу по увеличению площадей орошаемых земель, газификации населенных пунктов.
Отметим, что в 2019 году в районе привлечено инвестиций на сумму 664 млн. тенге, построены 10 новых продовольственных магазинов, 1 тойхана, кемпинг и теплица. В рамках Комплексного плана по обеспечению занятости населения в 2019 году трудоустроено 2236 человек, создано 505 новых рабочих мест. За счет средств республиканского бюджета 69 человек получили гранты в размере 26,7 млн. тенге на реализацию бизнес-идей.
После отчетной встречи аким области принял 7 жителей и ответил на их вопросы. В основном, они интересовались вопросами предоставления арендного жилья, социальной помощи, пастбищных земель, оформления государственных кредитов.
Глава региона поручил акиму района и руководителям государственных учреждений принять меры по оперативному решению проблем в рамках закона.
Оңдасын Оразалин: Ойыл ауданында ауыл шаруашылығын дамыту үшін барлық жағдай жасалған
Сәрсенбі, 29 қаңтар күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин Ойыл ауданына арнайы іссапармен барып, аудан әкімінің дәстүрлі есеп беру жиынына қатысты.
Аудан әкімі Асқар Қазыбаев ауданның 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен 2020 жылға арналған міндеттері туралы баяндады.
Есеп беру жиынына ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы Жайсаң Ахметов, аудан тұрғындары, аудандық мәслихат депутаттары, жергілікті кәсіпкерлер қатысты.
Жиын барысында аймақ басшысы аудан әкіміне суармалы жерлерді игеру, елді мекендерге газ құбырын тарту мәселесін шешуді тапсырды.
Облыс әкімі Оңдасын Оразалин аудан тұрғындарының ұсыныстары мен пікірлерін мұқият тыңдап, аудан әкіміне халықпен тығыз байланыста жұмыс жасау бойынша нақты тапсырмалар берді.
Облыс басшысы Оңдасын Оразалин аудан әкімінің есебін тыңдап, өзінің оң бағасын беріп өтті.
- Ойыл ауданы ата кәсіп ауыл шаруашылығымен айналысып келе жатқан келешегі зор аудан. Кезінде бұл жерде Көкжар жәрмеңкесі өтіп, ел тарихында қалар көптеген игі істер атқарылды. Ауданда ауыл шаруашылық, өндіріс, шағын және орта бизнес, құрылыс саласында да алға ілгерілеу байқалады. Аудан көрсеткіштері де жаман емес. Көтерілген мәселелердің барлығы да өзекті. Бірақ бәрі де ретімен шешіледі. Атқарушы органдар ел тұрғындарымен тығыз байланыс жасап, түсіндірме жұмыстарын жүргізуі тиіс. Қолда бар мүмкіндікті дұрыс пайдаланып, ел ертеңіне аянбай қызмет етуіміз қажет,- деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.
Аймақ басшысы аудан тұрғындарынан өзінің әлеуметтік желісіне келіп түскен сұрақтарға тоқталып, орындалу барысын қадағалауды тапсырды.
Атап өтейік, өткен жылы Ойыл ауданының кәсіпкерлері тарапынан 664,0 млн.теңге инвестиция тартылып, Ойыл ауылында жаңа 10 азық-түлік дүкені, 1 тойхана, автобекет - қонақ үйімен және жылыжай салынған.2019 жылға арналған халықты жұмыспен қамтамасыз ету бойынша кешенді жоспарына сәйкес 2236 адам жұмыспен қамтылып, 505 жаңа жұмыс орындары ашылған. Есепті мерзімде 501 отбасына 337,6 млн.теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, азаматтарға төленген. Республикалық бюджеттен бөлінген қаржы есебінен жаңа бизнес идеяларын іске асыру үшін 69 адамға 26,7 млн.теңгеге гранттар берілген.
Есепті кездесу барысында облыс әкімі бірнеше аудан тұрғындарымен жеке қабылдау жүргізіп, ұсыныс - пікірлеріне жауап берді.
Жеке қабылдауға келген 7 тұрғын аймақ басшысына арендалық тұрғын үй, әлеуметтік көмек, жайылымдык жер, мемлекеттік несие рәсімдеу мәселелері бойынша сұрақтар қойып, жауаптарын алды. Өңір басшысы аудан әкіміне және мемлекеттік мекемелердің басшыларына аталған мәселелерді орындау үшін заң аясында шешім қабылдауды тапсырды.
Жиын соңында облыс әкімі Оңдасын Оразалин атқарылып жатқан жұмыстарға қанағаттанарлық бағасын беріп, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға нақты шаралар қабылдауды тапсырды.
--
Құрметпен,
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі