Ондасын Уразалин провел прием граждан в областном филиале партии "Nur Otan"
В среду, 15 января, аким Актюбинской области Ондасын Уразалин принял в общественной приемной областного филиала партии "Nur Otan" 13 жителей региона.
Жительница г. Актобе, инвалид 2 группы Майра Елмагамбетова обратилась к главе региона с просьбой оказать содействие в решении жилищного вопроса. По ее словам в очереди на получение жилья она состоит с 2009 года.
Ондасын Уразалин объяснил женщине, что дом будет сдан в 2021 году.
«Для меня важно, чтобы каждый актюбинец имел собственный угол, но данная процедура проводится в рамках Закона. В очереди среди лиц с ограниченными возможностями вы 173-я, жилье вам будет предоставлено в следующем году», - подчеркнул он.
Аким области поручил первому заместителю председателя облфилиала партии "Nur Otan" Ерболу Данагулову и руководителю управления координации занятости и социальных программ Булбул Елеусиновой оказывать гражданам с ограниченными возможностями необходимую поддержку.
Актюбинец Жанболатбек Маратов попросил дать одной из улиц областного центра имя отца, ветерана ВОВ. Ему были разъяснены правила присвоения наименований улиц.
Многодетная мать Майра Алиева воспитывает ребенка-инвалида. Женщина нуждается в помощи в оформлении инвалидности сына 2013 года, страдающего неврологическим заболеванием, а также трудоустройстве супруга.
Ондасын Уразалин поручил взять семью, воспитывающую двоих детей с ограниченными возможностями на контроль, направить дочь с диагнозом ДЦП на лечение в реабилитационный центр, помочь с работой супругам.
Предприниматель Айман Сексенова презентовала акиму области проект по сортировке отходов "Eco Network", представитель бизнес-сообщества Халиулла Сагындыков попросил помочь в реконструкции кондитерской фабрики.
Глава региона Ондасын Уразалин ответил на все вопросы граждан, пришедших к нему на прием и поручил акиму города Мавру Абдуллину, первому заместителю председателя областного филиала партии «Nur Otan» Ерболу Данагулову изучить озвученные предложения и обеспечить исполнение обращений.
Оңдасын Оразалин "Nur Otan" партиясында тұрғындармен қоғамдық қабылдау өткізді
15 қаңтар, сәрсенбі күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин азаматтарды қабылдап, мәселелерін тыңдады. Ақтөбе қаласының тұрғыны 2- топтағы мүгедек Майра Елмағамбетова тұрғын үй кезегінің жылжымайтынын айтып шағымданды.
Үй кезегінде 2009 жылдан бастап тұрған ақтөбелік азаматқа баспана кезегі бойынша үй 2021 жылы берілетіндігі түсіндірілді.
"Әрине, мен үшін облыстағы баспанасыз жүрген әрбір азаматтың үйлі болғаны, әлеуметтік жағдайының дұрыс болғаны маңызды. Дегенмен заң аясынан аттап алдыңызда кезекте тұрған адамдардан өте алмайтыныңыз анық. Мүгедек азаматтар арасындағы кезегіңіз 173-і болуына байланысты, баспана келесі жылы беріледі",- деп атап өтті Оңдасын Оразалин.
Сонымен қатар, облыс әкімі "Nur Otan" партиясының Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ербол Данағұлов пен жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бұлбұл Ораққызына мүмкіндігі шектеулі азаматқа көрсетілетін көмек түрін арттырып, мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетуді тапсырды.
Ақтөбе қаласының тұрғыны Жанболатбек Маратов ҰОС ардагері әкесіне көше атауын беруді сұрады. Тілдерді дамыту басқармасының басшысы көше аттарын беруге қатысты талаптардың ережесін түсіндірді.
Мүгедек бала асырап отырған көпбалалы ақтөбелік ана Майра Әлиева өзінің жұмыссыз отырғанын және жолдасының жалақысы күн көріске жетпейтіндігін айтты. Сондай-ақ, 2013 жылы туылған ұлының неврологиялық ауруына байланысты құжаттар әзірлеуге көмек көрсетуді сұрады. Өңір басшысы екі бірдей мүгедек балалары бар отбасыға тез арада көмек көрсету керектігін айтты. Сал ауруына шалдыққан қызы қаладағы оңалту орталықтарында ем алуы, және жолдасы мен өзіне жұмыстар ұсынылды.
Алдағы уақытта аталған ұсыныстар Майра Әлиеваны қанағаттандырса бір отбасы жұмыспен қамтылып, ауру балалары арнайы орталықтарда ем алатын болады.
Қабылдауға келген Айман Сексенова "Eco Network" жобасын ұсынды. Кәсіпорын қалдықтарын сұрыптау мәдениетін енгізу туралы ұсынысына қолдау көрсетуді сұрады.
Ал, кәсіпкер Халыұлы Сағандықов кондитерлік фабрикасын қайта құруға көмек сұрады.
Аймақ басшысы Оңдасын Оразалин қабылдауға жазылған 13 азаматтың мәселелерін мұқият тыңдап, барлығына толыққанды жауап берді. Және қала әкімі Мавр Абдуллинге, "Nur Otan" партиясының Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ербол Данағұловқа азаматтардың арыз-шағымдары мен ұсыныстарының орындалуын қамтамасыз етуді және жан- жақты зерделеуді тапсырды.
Құрметпен,
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі