Выберите город

Всего 160 городов в 5 странах

Қызылордада 17 жастағы жасөспірім Сырдарияға батып кетті

Поделиться:

Жалағаш ауданында 17 жастағы жасөспірім суға батып кетті. Бұл туралы Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқыс оқиға кеше сағат 17.00 шамасында болған. Жасөспірім Сырдария өзенінің рұқсат етілмеген аумағында суға түскен.

«Оқиға орнына 5 құтқарушы 1 автокөлік және 1 қайық барды. Құтқарушылар жедел әрекетке кірісті. Жасөспірімнің жансыз денесі сағат 18.49 шамасында жағаға шығарылды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Қызылорда облысында жыл басынан бері барлығы 8 адам суға кетіп қайтыс болды. Оның біреуі – жасөспрім, екеуі – бала, қалғаны – ересек азаматтар. Сондықтан мамандар суға түсу барысында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды сұрайды. Былтыр бұл жағдайдан 26 адам қаза тапса, оның 10-ы бала.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также