Выберите город

Всего 160 городов в 5 странах

Қызылордада алаяқ әйел 3 жыл бас бостандығынан айырылды

Поделиться:

Қызылорда облысында өзгенің меншігін алаяқтық жолмен иелену арқылы азаматтардың құқына қол сұғу деректері әлі де азаяр емес.     

Қызылорда қаласының тұрғыны 44 жастағы әйел алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен жаңадан салынып жатқан көпқабатты үйлерден пәтер алып беремін деген желеумен қала тұрғындарының қаражатын иемденген. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 2 230 000 теңгені құрайды. 

Айыпталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен (алаяқтық) кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, сот жәбірленушіге келтірілген шығынды заңмен белгіленген тәртіппен өтеуді міндеттеді.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Сұлтан Бектөре облыс тұрғындарына алаяқтардың құрбанына айналмас үшін қарапайым ғана ұқыптылықты ұстану, жоғары кепілдік кіріс уәделеріне сенбеу және ақша, бағалы заттар мен мүлікті күмәнді адамдарға немесе компанияларға тапсырмау керектігін ескертеді. Сонымен қатар, алаяқтық фактілері орын алған жағдайда тез арада полицияға хабарлауды естен шығармағаныңыз абзал. 

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также