Дәрігерлер сабақ өткізді / 11?

Қызылша - өте өткір жұқпалы ауру. Ол науқас адамнан жұғады. Жұқпаны жұқтырған адам 7-ші күннен бастап айналасына қауіп төндіре бастайды. Адамның денесіне қызыл бөртпелер шыққаннан бастап арада 4 күн өткенде жұқпаның ауаға таралуы тоқтайды. Дәрігерлердің айтуынша, бұл аурумен көбінесе 5 жасқа дейінгі балалар ауырады. Ал екпе қабылдамаған адамдарға бұл ауру балаларға қарағанда екі есе ауыр тиеді.

Сол себепті, білім ордаларында бұл дерттің алдын алу үшін бірқатар жұмыстар қолға алынуда. Соған бір мысал келтіре кетсек,Райымбек ауылындағы К.Әзірбаев атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушыларымен 12 ақпанында "Қызылша ауруы жайлы не білуіміз қажет?" тақырыбында мектеп медбикесі Р.Тулеева профилактикалық сабақ өткізді.

Сабаққа Райымбек дәрігерлік амбулаториясының педиатры Г.Сагимбекова мен психолог М.Дюзкенева қатысты. Қызылша ауруы, оның таралу жолдары, сақтану шаралары жайлы педиатр қатысушыларға толық мағлұмат берсе, психолог вакцинациялаудың маңыздылығы жайлы сөз қозғады. Сабақ барысында  қатысып отырған 47 оқушыға бейнероликтер көрсетіліп, жадынамалар таратылды.