Су пайдалану тарифын 5%-ға төмендетті / 8?

Поделиться:

Қаскелең қаласының тұрғындарын 90 пайыз ауыз сумен қамтып отырған «Ж Қаскелең» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қаңтар айынан бастап су пайдалану тарифын 5%-ға төмендетті, деп хабарлайды kaskelenkz.

Бұл туралы мекеменің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қаскелең қаласында орналасқан «Ж Каскелең» ЖШС негізінен табиғи монополия субъектісі болып саналады. Ұжымда 110 адам еңбек етеді.
Қаланы 22 ұңғыма арқылы сумен қамтамасыз етіледі. Оның ішінде бесеуі басты су жинақталатын жерде, 17-сі жеке орналасқан. Қала бойынша ауыз су құбырының ұзындығы 126,3 шақырымға жетеді.
Ал, су қашырту жүйесі 119,27 шақырым кәріз желілерінен тұрады, оның ішінде Қаскелең қаласынан Боралдай ауылына дейінгі 38,5 шақырымдық су өзі ағатын жоғары қысымдағы коллектор бар. Сонымен қатар, кәсіпорынның Қаскелең қаласындағы екі және Үшқоңыр ауылындағы бір каназизациялық сорғы станциясы жұмыс істейді.

Кәсіпорын 14146 абонементке (жеке тұлғаларға) және 545 мекемеге, ұйымға (заңды тұлғаларға) қызмет етеді.

Елбасының тапсырмасына сай, мекеме үстіміздегі жылдың, 1 қаңтарынан бастап су пайдалану тарифын тұрғындар үшін орташа алғанда 5% төмендетті. Сол сияқты көрсететін қызмет сапасын арттыру бойынша көптеген жұмыстар жоспарға алынып отыр.

 

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также