Құқық қорғау органы қызметкерлерімен кездесті

Құқық қорғау органы қызметкерлерімен кездесті

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Алматы облысында 100-ден астам игі шара қолға алынған. Соның бірі облыстық Дін істері басқармасы ұйымдастырған «Рухани керуен» жобасы. Мұнда әр саладан жасақталған арнайы топ ел аралап, аймақтағы жұрттың тыныс-тіршілігімен танысып, әртүрлі кездесулер өткізу арқылы халыққа мемлекет басшысының баянды бағдарламасының түрлі бағыттары бойынша жұмыстарын жүргізді. Солардың қатарындағы керуен өкілдері, облыстық дін істері басқармасының діни экстримизм құрбандары мен деструктивті ағым ұстанушыларды оңалту орталығының бөлім басшысы Ерлан Матаев пен аталмыш басқарманың өңір бойынша инспекторы, теолог Елдос Аққожа Райымбек ауылдық округіне табан тіреді. Олар жоба аясындағы осы ауылда «Жалған діни ұйымдардың бет бейнесі» атты тақырыпта құқық қорғау органдары қызметкерлерімен кездесу өткізді. Жиынның мақсатымен таныстырған Ерлан Жұманұлы қазіргі таңда ғылым мен технологиялардың қарқынды дамуы ақпараттық және медиакеңістіктің құрылымдарын күрделі ойындар алаңына айналдырғанын тілге тиек етті. Соның нәтижесінде кез келген қоғамдық пікірдің қалыптасуына бүгінде ғаламторды пайдаланатын миллиондаған адамдардың белсенділігі ықпал етіп келеді. Бұл орайда дәстүрлі діни-рухани құндылықтардың ұлттың болашағын құруда ықпалды фактор екенін ұмытпауымыз қажет. Қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен руханияты, өмірлік ұстанымдары мен салт-дәстүрлері, ойлары мен көзқарасы, дүниетанымы осы діннің құндылықтарымен сабақтаса қалыптасты. Сондықтан шеттен келген теріс пиғылды күштердің ықпалына төтеп беретін ең тиімді жол – Елбасының таяуда жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында атап көрсетілгендей, ұлттық кодты, ұлттық құндылықтарды, елдік мақсат пен мемлекеттің халықтық құрылымын, қазақ елінің тарихи мұраларын жаңғырту болып табылады.
Жалпы айтқанда, жергілікті халықпен тікелей жұмыс істейтін болғандықтан, осы жиынның учаскелік полицейлермен өткізілудің маңыздылығы да осында. Жаһандық деңгейде әрекет ететін деструктивті ағымдардың ықпалымен күресте қоғамда ұлттық және діни-рухани құндылықтарды кеңінен насихаттау арқылы ғана бүгінгі қоғамды және келешек ұрпақты жат идеологиялардың кері әсерінен қорғауды қамтамасыз ете аламыз.
Бұрым ОРЫНБАСАР.

 

Последние новости

«Tarihi jol» мобильді қосымшасы
«Жастар. Энергия. Инновация»
Ескерткіштер – ел тарихы
«Мирас» аймақтық қоғамдық кеңесі Қарасай жерінде көшпелі отырыс өткізді
Газ құбырлары жаңартылуда
«Алтын орда» базары мен «Асыл арман» тұрғын үй кешенінде
Мы за чистый район!