Жүгіруден жарысқа түсті

Поделиться:

Биыл мемлекеттік қызмет органдарына 20 жыл толып отыр. Аталмыш кәсіби мерекеге орай еліміз бойынша әртүрлі іс-шаралар өткізілуде. Ал, жуырда біздің ауданда осы салада адал қызмет етіп, негізгі жұмыстарын бір сәт ұмытқан мемлекеттік қызметшілер таза ауада тынығып, бір күндерін саламатты өмір салтына, яғни, спортқа арнады.
Нақтырақ айтқанда, ол 200-ге жуық адам қатысқан жүгіру сайысы бойынша өтті. Бұл мерекелік жарыста аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Серік Қамзанов, Қаскелең қаласы әкімінің орынбасары Рафаэль Мұқанов пен жасөспірімдер және балалар спорт мектебінің директоры Валерий Хациев барлығына сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірді.
Сонымен жарыс қыздар арасында бір жарым шақырымға жүгіруден бастау алды. Олардың арасында барлығынан озып, мәреге бірінші Әйгерім Жумағалиева келді. Екінші орынға Ақнұр Қалыбаева табан тіресе, үшінші орынды Лаура Заттіллә қанжығасына байлады. Ал, жігіттер болса екі жарым шақырым қашықтықта бақ сынасып, олардың ішінде Анатолий Колесников жеңіске жетті. Алғашқылардың қатарында Олжас Әблен екінші орын алса, үшінші орын Алтынбек Қалмағамбетовке бұйырды. Барлық жеңімпаздарға мерекелік Алғыс хат пен медальдар табысталып, мерейлерін үстем қылды.
Бақдәулет ТАЛИПОВ.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также