Қарасай ауданында 56 келі есірткі тасымалдамақ болған ер адам ұсталды / 40?

Поделиться:

Қарасай ауданында ірі көлемде есірткі тасымалдамақ болған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.

Таяуда Алматы облысы көлемінде «Допинг» жедел алдын алу іс-шарасы аясында ауқымды жұмыстар атқарылған болатын. Осы кезде Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері  Алмалыбақ ауылының маңында арнайы операция ұйымдастырған. Осылайша, полицейлер ірі көлемде есірткі тасымалдамақ болған 51 жастағы ер адамды қолға түсірді. Тәркіленген үш сөмкеден 56 келі марихуана табылған.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ұсталған азамат Тараз қаласының тұрғыны екен. Ірі көлемдегі есірткіні ол қай жаққа апармақ болғаны, өз ісін әрі қарай қалай жүзеге асырмақ болғаны сотқа дейінгі тергеу кезінде анықталмақ. Күдікті қазір уақытша ұстау изоляторына қамалған. Ол бұған дейін де есірткіні заңсыз сақтап, тасымалдағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған екен.

Сөз соңында жыл басынан бері өңір полицейлерінің күшімен, жалпы 400 келіге жуық түрлі есірткі заттары тәркіленгенін де айта кеткен жөн.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также