Сайлау күні Қарасай ауданындағы базарлардың жұмыс кестесі өзгереді, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.
Бұл жөнінде аудан әкімдігінің әлеуметтік парақшаларында мәлімделді. Ақпаратқа сүйенсек, осы сайлау күні ауданымызға қарасты «Алтын Орда» мен «7 құрдас» базарлары еркін жұмыс кестесімен қызмет атқаратын болады. Яғни, сауда орталығындағы сатушылар кез-келген уақытта базар жұмысын тоқтатып, сайлауға қатысып, дауыс бере алады. Ал, Қаскелең қаласындағы «Жер-Ана» орталық базары 9 маусым күні күнделікті жұмыс уақытын бір сағатқа қысқартып, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін сатып алушыларға қызмет көрсететін болады.