9 маусымда ҚР Президент сайлауына байланысты, Қаскелең қаласында автобустар тегін қызмет көрсетеді, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.
Бұл жөнінде ақпаратты кеше, яғни, 7 маусымда Қаскелең қаласының әкімі Асқар Мұқашев өзінің әлеуметтік парақшасында жариялады.
"9 июня, в день выборов Президента РК, избиратели нашего города могут передвигаться по Каскелену на общественном транспорте, в период с 6 часов утра до 21 часа, совершенно бесплатно. В частности, автобусы, обслуживающие маршруты №№451,457, 459 и курсирующие по направлениям «ЦОН-Алматы», «Шамалган-Алматы» и «Каскелен-Алматы», соответственно, будут обслуживать своих пассажиров на безвозмездной основе.
Также хочу сообщить, что в нашем городе работают 25 избирательных участков, которые будут работать в День выборов с 7 до 20 часов." - делінген қала мэрінің инста-парақшасында.
Әкімнің берген мәліметіне сүйенсек, бұл күні қоғамдық көліктер, атап айтқанда, №451, №457, №459 маршрутты автобустары мен "ЦОН - Алматы", "Шамалған - Алматы" және "Қаскелең - Алматы" бағытындағы автобустар жолаушыларды таңғы сағ 6.00-ден кешкі 21.00-ге дейін Қаскелең қаласы ішінде ақысыз тасымалдайды.