«Күлкістан» әзіл-ысқақ театры ауыл оқушыларын қуантты / 22?

1 Наурыз – Алғыс айту күні. Бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.

Жамбыл  ауылындағы  №2  орта  мектебінде атаулы күнге орай, тәрбиелік мәні зор шаралардың жоспары әзірленді. Солардың бірі -    елімізге  танымал  «Күлкістан» әзіл-ысқақ   театрының  ұйымдастыруымен,   25-ақпан  күні  мектептің  аз қамтылған,  көпбалалы отбасылардың    балаларына  арналған   концерт өтті.  Оған  мектептен 150  оқушы  қатысты.  Бұл ізгі іске ұйытқы болған  мектептің  «Қамқоршылық кеңесінің»   мүшесі,  мектептің  белсенді  ата-анасы  Перназаров  Дархан еді.   

 

  Сонымен  қатар,  қайырымдылық  концертке   Жамбыл  ауылдық  округінің  әкімшілігінен  Мақпал  Сәбитқызы  және   Жұлдыз  Рашидқызы  қатысып,  іс-шараның  өткізілу   барысына куә  болды.  Осындай  игі шараны  қолға  алып,  болашақ  ұрпаққа  үлгі  болған  театрды мектеп басшысы Шолпан Айтқұлқызы  арнайы   алғыс хатпен  марапаттады.   Концерт  барысында   мектеп  оқушыларынан   Інжу Дарханқызы  және  Марат  Айым  ән айтып,  көрермен  ықыласына  ие  болды. Іс-шараға  мектептің  үйден  оқытылатын оқушысы  Әбен  Арман келіп,  концерт  туралы әсерімен  бөлісті.   Қайырымдылық  жасауды  үлгі  еткен  театрға  басқа да оқушылар   өз  алғыстарын  білдіріп  жатты.