Медбикелердің мерейін өсіріп…

Медбикелердің мерейін өсіріп…

Медицинадағы орта буын қызметкерлері денсаулық сақтау жүйесінің негізін құрап отыр. Дәрігер емінің дұрыс нәтиже беруі – медбикенің көрсетілген емдік шараларды сауатты да қалтқысыз орындауында ғана емес, жаны қиналып жатқан науқаспен күндіз-түні бірге болып, жиі қарым-қатынас жасап, олардың көңіл-күйіне әсер ететін жанкешті еңбегіне де тікелей байланысты. Демек, медбике науқас денсаулығына емдеуші дәрігерден кем жауап бермейді. Сол себептен де, жыл сайын 12 мамырда Халықаралық медбике күнінің кеңінен аталып өтілуі орынды.

Ресми деректерге қарағанда, қазіргі таңда еліміздегі жүз мыңға жуық медбике бар. Солардың арасында ауданымыздың денсаулық сақтау саласында талмай жұмыс істеп, ел алғысына бөленіп жүрген қарасайлық ақ желеңді абзал жандар да жетеді. Аталған кәсіби мерекеге орай, аудандық орталық аурухананың кәсіподақ ұйымы мерекелік шара өткізіп, мейірімділік пен жылылықтың символына айналған ізгі мамандық иелерін салтанатты түрде құттықтады. Кеш ауданның бас дәрігері Ербол Сарсенбаевтың ақ тілегімен басталды. Ол өз кезегінде ұлт саулығын нығайту жолында кез келген уақытта көмек беруге әзір тұратын ақ желеңді абзал жандар үлкен құрмет пен сый-сияпатқа бөленуге әбден лайықты екендігін айтып, мерейлі мерекеде бақыт пен сәттілік тіледі. Ары қарай аға медбикелер Анар Жылгелдиевага, Сәуле Жайлаубаеваға, Гүлсім Қоспановаға «Мейірім» ордені табыс етіліп, үздік орта буын медицина қызметкерлері Алғыс хатпен марапатталды.
Мұнан кейін аудандық орталық аурухана директорының орынбасары Бақыт Жамекенов та бар саналы ғұмырын халық денсаулығын сақтауға арнаған жандардың еңбектері ешқашан елеусіз қалмайтынын, кейінгі буынға әрдайым үлгі болатынын сөз етті. Сондай-ақ, дипломдарын енді қолдарына алып келген медбикелерге «Жас маман» ленталары тағылды. Ал, көп уақыт медбике болып, осы жылы зейнетке шығатын ардагерлерге құрмет көрсетіліп, сыйлықтар тарту етілді. Жедел жәрдем бөлімшесінің жас мамандары «Практика» қойылымы арқылы аурухананың бір күндік өмірін көрсетсе, Шамалған ауылдық көпсалалы ауруханасының медбикелері «Қол жуу тәртібі» атты флешмобымен көпшілікті тәнті етті.
Салтанатты жиынды кәсіподақ төрайымы Сәуле Малғараева қорытындылап, кәсіби мерекелеріне орай аудандық аурухананың әр бөлімшелеріне және кейбір ауылдық дәрігерлік амбулаторияларға, сұраныстарына сай, күнделікті жұмыс барысында қажетті жабдықтар табыс етті.
Бұрым ОРЫНБАСАР.

 

Последние новости

Тұрғындардың денсаулығын қалай жақсартуға болады?
«Адал жол» марафоны
Кладбище приводится в порядок
Поклонимся великим тем годам
Жеңістің даңқы өшпейді
Ұранды елдің – ұрпағы қайсар
Поддержали всем миром
Партия назарынан тыс қалмады