Қазақстандықтар балықты аз тұтынады – министр
«Қазақстан балықты аз тұтынады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы адам басына шаққанда жылына 16 келіден кем емес балық тұтынуды ұсынса, Қазақстанда бұл көрсеткіш бір адамға 4 келіден келеді. Өз кезегінде, көршілес Ресейде адам басына 23 кг, Қытайда 45 кг балық тұтынылады. Осылайша, шекара маңындағы аудандарды ескергенде, балық өнімдерінің экспорттық әлеуеті 3 млн тоннадан асып түсуі мүмкін», - дейді Мағзұм Мырзағалиев.
Сондай-ақ оның айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстанда 1 мыңнан астам балық шаруашылығы субъектісі жұмыс істейді.
«Оларға 1646 балық шаруашылығы су қоймасы және олардың учаскелері бекітілген. Салада 11 мыңнан астам адам жұмыс істейді. 2019 жылы 45 мың тонна балық ауланған. Негізгі балық аулау Атырау, Алматы, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында іске асырылады», - деді министр.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.