Алматыда жастарды жұмысқа орналастыру бойынша мобильді пункттер жұмысын бастады

Поделиться:
18 тамызда Алматы қаласының барлық аудандарында жастарды жұмысқа орналастыру жөніндегі Жастар ресурстық орталықтарының жылжымалы пункттері жұмыс істей бастайды, деп хабарлайды BAQ. KZ.

Аталған іс-шаралар апта бойы өткізіледі, онда "Жастар практикасы" және "Қоғамдық жұмыстар" Жұмыспен қамту орталығының бағдарламалары бойынша түсіндіру жұмыстары мен жастарды тіркеу жүргізіледі.

Барлық аудандардағы Жастар ресурстық орталықтарының белсенділері жастарға ақпараттық брошюралар тарататын болады.
Барлық тілек білдірушілерге түрлі бағыттағы өзекті бос жұмыс орындары ұсынылады. Әрбір ізденуші сауалнама-түйіндемелерді толтыра алады, олар өңделгеннен кейін Алматы қаласының халықты жұмыспен қамту орталығының өкілдеріне беріледі және "Шұғыл талап етіледі" газетінің сайтында жарияланады.

Жылжымалы пункттердің жұмыс орындарында санитарлық нормалар сақталады: әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, бетперде киген 1-2 қызметкер өтінім қабылдайды.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Запрос на удаление материала

Оставить комментарий

Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также