Оралда ер адам 6 жасар қызды ұрламақ болған (ВИДЕО)

2020-08-03 15:00:45
Орал қаласында белгісіз ер адам аулада ойнап жүрген 6 жасар қызды күшпен сүйреп әкетпек болды. Аталған сәт түсірілген видеоролик әлеуметтік желілерге тарап кеткен,деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.

Кадрлардан ер азаматтың кішкентай қыздың жанына келіп қысқа сөйлескенін, артынша күштеп алып кетпек болғанын аңғаруға болады. Осы сәтте кадрда екінші ер адам пайда болып, қызды арашалап алып қалады.

Облыстық Полиция департаментінің айтуынша, бұл оқиға 2 тамыз күні болған.

«Зашаған полиция бөлімінің кезекшісіне Мөңкеұлы көшесінде белгісіз ер адамның қызды ұрламақ болғаны туралы хабар келіп түскен. Қыздың анасының арызы тіркеліп, полиция күдікті ер адамды ұстады. Ол оқиға болған кезде алкогольді ішімдікке мас болған», - деді БҚО Полиция департаментінің баспаөз қызметі.

Тәртіп сақшылары күдіктіні тергеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталатын болады.


View this post on Instagram

В Сети пишут, что мужик средь беда дня пытался украсть девочку в Уральске. ????Он уже задержан (позже будет апдейт поста с подробностями). А пока обратите внимание на парня - он не прошёл мимо, заподозрив неладное, а буквально отбил ребёнка. Такое поведение достойно уважения и восхищения???????????????????????? респект тебе, неизвестный парень.✊???? Если читаешь это - напиши нам. Или напишите те, кто узнал героя✌????репост. ... UPD: задержанный мужик был пьян, делом сейчас занимается полиция ????????‍♂️ #уральск #герой #полиция Источник: @eto_kokshetau_detka

A post shared by Новости Казахстана (@42500_tenge) on

 

Последние новости