Елімізде тағы мыңнан астам қаржы пирамидасының құрбаны болды

2020-08-03 15:00:45
Нұр-Сұлтанда «Астана Раушан касса айналымы» атты қаржы пирамидасының жолы кесілді деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі.

Қаржы пирамидасының негізінде жұмыс істеген компания 2020 жылдың қаңтарында құрылған. Оны құрған елорда тұрғыны мыңнан астам адамнан заңсыз жолмен ақша алып, оларды тақырға отырғызған. Әзірге келтірілген шығын есептеліп жатыр.

«Қазіргі таңда аталған факт бойынша ҚР ҚК 217-б. 2-б. 4-т. сәйкес сотқа дейінгі тергеу ісі жүргізілуде (ірі мөлшерде ақшаны тарта отырып, қаржылық пирамиданы құру және оған басшылық ету). Жоғарыда көрсетілген қаржы пирамидасының заңсыз әрекетінен жапа шеккендерді Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жүгінуін сұраймыз (Желтоқсан көш., 43, тел. 31-61-45, ұялы тел. 8-701-218-5318, 8-701-888-9316)», - делінген аталған хабарламада.