Коронавирус жұқтырғандар саны едәуір азайып келеді – Цой
Ең алдымен, еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға тоқталайын. Қиын кезең артта қалды деп айтсақ артық болмас. Қазіргі уақытта жағдай тұрақталып келеді. Қазақстанда жалпы наурыз айынан бері 92 662 адамнан індет анықталды. Оның ішінде отыз мыңға жуық науқас емделуде, қалған пациенттер жазылып шықты. Өкінішке қарай, кешегі күнмен есептегенде 1058 адам қайтыс болды, - деді ол.
Министр бүгінде коронавирус жұқтырғандар саны едәуір азайып келе жатқанын айтты.
Мысалы, бір тәулікте 1069 адам COVID-ке шалдығады. Ауруханаларда орын да, дәрі-дәрмек те жеткілікті. COVID-19 бен пневмонияға шалдыққан пациенттерге арналған 52 мың төсек-орын бар. Әрине, бұл нәтижелер мемлекет тарапынан қолданылған іс шараларды қоғамның дұрыс түсініп, қабылдауының арқасында болып отыр. Сонымен қатар, науқастардың жартысынан көбі ауруханалардан сауығып шыққанына назар аударған жөн (67,5% немесе 62 511 адам). Тек соңғы тәулікте 672 адам аурудан айықты, мұндай көрсеткіш баяу болса да, өсуде. Батыс Қазақстан (88%), Алматы (82%), Түркістан (80%), Қостанай (76,5%), Ақмола (75%) және Маңғыстау (72%) облыстарында, сондай-ақ елордада (73%) деңгейінде жақсы көрсеткіш бар, - деді ол.
Цой Қазақстанда КВИ ауруы жағдайы тұрақтанды деп толық сеніммен айтуға болады деді.
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
Запрос на удаление материала
Оставить комментарий
Если публикация нарушает закон, авторские или чужие личные права, подробно опишите проблему. Мы проверим информацию и удалим материал, если факт нарушения подтвердится.