Қызылорда қаласында екі күн бұрын дарияға суға батып кеткен 13 жастағы қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқиға 18 шілде күні жергілікті уақытпен сағат 8.43-те тіркелген. Достарымен бірге серуенге шыққан қыз бала облыс орталығының туберкулез ауруханасы аумағындағы дария бойында суға түскен. Сол сәтте суға батып кеткен.
Іздестіру жұмысына облыстық төтенше жағдайлар саласының мамандары тартылды.
Қыз баланың мәйіті бүгін, 20 шілдеде жергілікті уақытпен 7.40-та табылды.
«Қыздың денесі оқиға орнынан бірнеше шақырым қашықтықта орналасқан Талсуат ауылы тұсындағы дарияда қалқып жүрген жерінен жағаға шығарылды», - мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өкілдері.
Қызылордада дарияға батып кеткен 13 жасар қыздың мәйіті табылды
Войдите, чтобы оставить комментарий
Введите почту, получите PIN-код и готово!
Код отправлен на {{ authEmail }}
Введите пароль для {{ authEmail }}
{{ authError }}
Пожаловаться на новость
Оставить комментарий
Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:
Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}