Әлеуметтік желіде коронавирус жұқтырған науқастардың туыстары жақындарына хабарласып, жағдайын біле алмай отырғанын айтып, шағымданды, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".
Жұқпалы аурулар стационарында жатқан науқастардың телефонын алып қоятын болып шыққан. Батыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы стационар жағдайында ұялы телефондар вирус жұқтырудың бір жолы болуы мүмкін екенін айтты.
"Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны күн сайын артып келеді. Бүгінде вирустан біраз адам қайтыс болды, көптеген адам жақындарынан, достарынан айырылды. Желіде стационарлардың бірінде науқастардың телефонын алып қоятыны туралы ақпарат тарады. Ұялы телефондар вирус жұқтырудың негізгі жолы емес, бірақ стационар жағдайында мүмкін жолдардың бірі. Себебі ешкім телефонын антисептикпен тазаламайды. Ал вирус адам көп қолданатын, көп ұстайтын заттарда қалады.
Қазір барлық адам үшін басты ереже - санитарлық ереженің сақталуы. Әркім өз денсаулығына өзі жауапты", - дейді БҚО денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.
Коронавирус жұқтырған науқастарға неге телефон ұстауға болмайды?
2020-07-16 07:00:44
Источник:
http://www.matritca.kz/news/76531-koronavirus-zhtyran-nauastara-nege-telefon-staua-bolmaydy.html
Последние новости
16.07.2020
Умер первый замакима Туркестанской области
16.07.2020
Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы
16.07.2020
Прогноз погоды на 16 июля
16.07.2020
Гороскоп на 16 июля