Алматыда аса қауіпті қылмыскер полицейден қашып, 12-қабаттан секірді

2020-07-16 07:00:44
Алматыда аса қауіпті қылмыскер қашуға тырысып, 12-қабаттағы терезеден секірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Екібастұздан келген 31 жастағы Ш. есімді азаматты полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған қызды зорлады және қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен ұстады.

"Бұл қылмыс 11 шілдеде жеке секторда орын алды. Түскі уақытта белгісіз біреу Покровская көшесінде орналасқан үйлердің біріне кілтті таңдау ақылы кірді. Сол сәтте үйде екі бала болды: төрт жасар бала және оның 15 жастағы әпкесі. Пышақпен қорқытып, қаскөй 17 мың долларды иемденіп, содан кейін қызды қорлады.

Осы өрескел және аса ауыр қылмысты ашу үшін арнайы тергеу-жедел тобы құрылды. Бүгін біздің бөлімшенің криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктінің жасырынып отырған мекенжайын анықтады. Бұл - Әл-Фараби даңғылындағы тұрғын үйлердің бірінің 12-қабатындағы пәтер. Ш. азаматты ұстау барысында қашып кетуге тырысты: ол ашық терезеден секіріп, төмендегі террасаға түсті, оның артынан өз өмірін қауіпке тігіп, полицияның жедел уәкілі, полиция майоры Бақытжан Бәкіров секірді. Ол аяғының сынғанына қарамастан, күдіктінің жолын жауып, қашып кетуіне мүмкіндік бермеді", – деді Түрксіб аудандық Полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің бастығы Ерлан Аянбаев.

Қазір тергеу екі бап: ҚР ҚК 192-бабы 4-бөлігі және ҚР ҚК 120-бабы 4-бөлігі бойынша жүріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар, бөлім бастығы Алматы қалалық ПД-де майор Бәкіров аса қауіпті қылмыскерді бейтараптандыру кезінде көрсеткен белсенділігі үшін көтермеленетінін атап өтті.